https://sputnik.kz/20250826/atyrauda-kopqabatty-uydin-tobesi-qulap-ketti-56611003.html
Атырауда көпқабатты үйдің төбесі құлап кетті
Атырауда көпқабатты үйдің төбесі құлап кетті
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі таңда Атырау қаласы бойынша апатты деп танылған 93 көппәтерлі тұрғын үй бар 26.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-26T17:47+0500
2025-08-26T17:47+0500
2025-08-26T17:50+0500
атырау
тұрғын үй
апатты жағдай
https://sputnik.kz/img/07e6/08/13/26859983_0:0:2569:1446_1920x0_80_0_0_a27b3eb008ce1c180d41ecc0571b86f1.jpg
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Атырауда көпқабатты үйдің төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Құлаған төбенің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Тұрғындардың айтуынша, көпқабатты үйді 20 жыл бұрын бұзамыз деп жергілікті билік уәде беріпті. Тұрғын үйдің апатты екенін қалалық әкімдік те айтып отыр. Төбесі опырылған үй ғана емес, Атырауда апатты деп танылған үйлер көп.Бұл тұрғын үйлер 1950 жылы салынып, 2003 жылы апатты деп танылған."Алатау көшесіндегі №1 үйге қатысты уәкілетті органдар қайта тексеру жүргізеді. Бұрын тексеру екі рет жүргізілді, бірақ пәтер иелерінің болмауына байланысты рәсімдерді аяқтау мүмкін болмады", - дейді ведомстводағылар.Әкімдіктің айтуынша, Алатау көшесіндегі №1 апатты үйдің тұрғындарын көшіру заң шеңберінде кезек тәртібімен жүргізіледі.
https://sputnik.kz/20241107/astanada-zhel-saldarynan-birneshe-gimarattyn-shatyry-qirady-48375867.html
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/13/26859983_0:0:2285:1714_1920x0_80_0_0_b2014295f03b1a449fc5582fb7084d08.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, тұрғын үй, апатты жағдай
атырау, тұрғын үй, апатты жағдай
Атырауда көпқабатты үйдің төбесі құлап кетті
17:47 26.08.2025 (жаңартылды: 17:50 26.08.2025) Бүгінгі таңда Атырау қаласы бойынша апатты деп танылған 93 көппәтерлі тұрғын үй бар
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Атырауда көпқабатты үйдің төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Құлаған төбенің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Тұрғындардың айтуынша, көпқабатты үйді 20 жыл бұрын бұзамыз деп жергілікті билік уәде беріпті. Тұрғын үйдің апатты екенін қалалық әкімдік те айтып отыр. Төбесі опырылған үй ғана емес, Атырауда апатты деп танылған үйлер көп.
"Бүгінгі таңда Атырау қаласы бойынша апатты деп танылған 93 көппәтерлі тұрғын үй бар. Олардың ішінде Алатау көшесінде екі қабатты үйлер бар №1, 3, 5, 7, 9 бұзуға жататын апатты тұрғын үйлердің тізіміне енгізілген. Бұл үйлердегі пәтерлердің жалпы саны-40", - деп түсіндірді Атырау қалалық әкімдігі.
Бұл тұрғын үйлер 1950 жылы салынып, 2003 жылы апатты деп танылған.
"Алатау көшесіндегі №1 үйге қатысты уәкілетті органдар қайта тексеру жүргізеді. Бұрын тексеру екі рет жүргізілді, бірақ пәтер иелерінің болмауына байланысты рәсімдерді аяқтау мүмкін болмады", - дейді ведомстводағылар.
Әкімдіктің айтуынша, Алатау көшесіндегі №1 апатты үйдің тұрғындарын көшіру заң шеңберінде кезек тәртібімен жүргізіледі.