Астаналықтарды бизнес-тренер 50 млн теңгеге алдап кетті

© Sputnik / Абзал КалиевЧеловек хватается за голову, подсчитывая наличные деньги
Человек хватается за голову, подсчитывая наличные деньги  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
Жазылу
Ол уәде еткен шарттарын орындамай, клиенттермен байланысын үзген
АЛМАТЫ, 26 тамыз – Sputnik. Астанада бизнес-тренер тұрғындарды 50 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды қала прокуратурасы.
Әйел өзін онлайн-сауда және сатып алу саласындағы бизнес-тренер ретінде таныстырып, болашақ клиенттерді әлеуметтік желі арқылы тартып, онлайн-саудаға үйрету курстарын ұсынған.
"Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға тұрмыстық техниканы көтерме саудалауға қаржы салуды ұсынып, салынған қаражаттың 10%-і мөлшерінде табысқа уәде берген. Алайда төлемді алып, уәде еткен шарттарын орындамай, клиенттермен байланысын үзіп, жасырынған", - дейді ведомство.
Сот үкімімен бизнес-тренер 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Стресс. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2025
Астанада грантпен оқығысы келген 25 талапкерді алаяқ алдап кетті
Жаңалықтар
0