Жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS жолданады

© Sputnik / Владислав ВодневМобильный телефон в руке, архивное фото
Мобильный телефон в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2025
Жазылу
Ауыл шаруашылығы санағы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өтеді
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыз азаматтарға SMS жіберілетінін хабарлады.
"Министрлік тіркелген жұмыссыздардың арасынан өмірлік қиын жағдайға тап болған 24 790 қазақстандыққа жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпарат жазылған SMS хабарламалар жібереді", - дейді ведомство.
Атап айтқанда, оларға 1414 қызметі арқылы ауыл шаруашылығы халық санағын өткізу үшін санақ қызметкері (сұхбаттасушы) ретінде жұмысқа орналасу ұсынылады.
Ауыл шаруашылығы санағы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен жүргізіледі.
Санақтың онлайн кезеңі 31 тамызға дейін жалғасады. Сауалнамаға қатысу үшін электронды цифрлық қолтаңба, SMS-код немесе eGovMobile қосымшасынан QR-код арқылы сайтқа кіру қажет.
Круглый стол Тюркология в глобальном мире: связь России и тюркского мира, посвященный российско-казахстанским отношениям - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2025
Қазақстанда әрбір үшінші жұмысшы зейнетақы жарнасын аудармайды
Жаңалықтар
0