https://sputnik.kz/20250825/zheti-ayda-sauda-kolemi-86-ga-artty-56570218.html
Жеті айда сауда көлемі 8,6%-ға артты
Жеті айда сауда көлемі 8,6%-ға артты
Sputnik Қазақстан
Шағын және орта бизнеске ерекше назар аударылып отыр 25.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-25T09:00+0500
2025-08-25T09:00+0500
2025-08-25T09:00+0500
сауда
электронды сауда алаңдары
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e8/06/06/44814852_0:2:1305:736_1920x0_80_0_0_6b1ab1715a9ce07b14333d15a5aa6eae.jpg
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. 2025 жылдың қаңтар-шілдесінде Қазақстанда сауда көлемі 8,6%-ға, ал салаға салынған инвестиция көлемі І жартыжылдықта 37%-ға өсіп, 438 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Оның айтуынша отандық тауарлар үлесін арттыру мақсатында дүкен сөрелеріндегі 50% орынды отандық өнімдермен толтыруды көздейтін бағдарлама іске қосылды.Сонымен қатар сапасыз әрі қауіпті өнімдердің нарыққа енуіне шектеу қою бағытында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.Биылғы 7 айда шикізаттық емес экспортқа көрсетілген қаржылай қолдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 200 млрд теңгеге артып, 394 млрд теңгені құрады. Қолдау көрсетілетін барлық жобаның 71%-ын құрайтын шағын және орта бизнеске ерекше назар аударылып отыр."Қытай провинцияларында серіктестік кеңселер, өкілдіктер және ұлттық павильондар іске қосылуда, ондай нысандар Чэнду, Үрімші, Нанкин және Шаньдун провинцияларында бар. Өзбекстанда "Термез" халықаралық сауда орталығының аумағында қазақстандық өнімдердің сауда павильоны ашылды", -деп атап өтті сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/06/44814852_161:0:1145:738_1920x0_80_0_0_141d3dd1120440b4749837a89ff5ad7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сауда, электронды сауда алаңдары, қазақстан
сауда, электронды сауда алаңдары, қазақстан
Жеті айда сауда көлемі 8,6%-ға артты
Шағын және орта бизнеске ерекше назар аударылып отыр
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. 2025 жылдың қаңтар-шілдесінде Қазақстанда сауда көлемі 8,6%-ға, ал салаға салынған инвестиция көлемі І жартыжылдықта 37%-ға өсіп, 438 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
"Сауда саласында 800 мыңнан астам бизнес субъектісі 1,5 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтып отыр", - дейді Арман Шаққалиев.
Оның айтуынша отандық тауарлар үлесін арттыру мақсатында дүкен сөрелеріндегі 50% орынды отандық өнімдермен толтыруды көздейтін бағдарлама іске қосылды.
Сонымен қатар сапасыз әрі қауіпті өнімдердің нарыққа енуіне шектеу қою бағытында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.
"47 мыңнан астам көлік тексерілді. Оның ішінде 900-ден астам автокөлік кері қайтарылды, 1 мыңнан астам сәйкестікті растау құжатының күші жойылды", – деп атап өтті министр.
Биылғы 7 айда шикізаттық емес экспортқа көрсетілген қаржылай қолдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 200 млрд теңгеге артып, 394 млрд теңгені құрады. Қолдау көрсетілетін барлық жобаның 71%-ын құрайтын шағын және орта бизнеске ерекше назар аударылып отыр.
"Қытай провинцияларында серіктестік кеңселер, өкілдіктер және ұлттық павильондар іске қосылуда, ондай нысандар Чэнду, Үрімші, Нанкин және Шаньдун провинцияларында бар. Өзбекстанда "Термез" халықаралық сауда орталығының аумағында қазақстандық өнімдердің сауда павильоны ашылды", -деп атап өтті сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.