Елдегі тұрақтандыру қорларын бақылау процесі цифрландырылуы мүмкін

© Sputnik / Абзал КалиевГипермаркет
Гипермаркет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Үкіметте жаңа өнім келісімшарты мен тұрақтандыру қорларын бақылауды күшейту мәселесі талқыланды.
Екінші апта қатарынан әлеуметтік тауарлар бағасының орташа индексі 0% деңгейінде сақталып отыр. Өткен аптада бірқатар тауар бағасының төмендеуі байқалды:
күріш (-0,2%);
қырыққабат (-2,2%);
сәбіз (-4,1%);
картоп (-5,7%);
пияз (-9%).
Келесі маусымда картоп бағасын өсуін алдын алу үшін сауда министрлігі ауыл шаруашылығы министрлігімен, әкімдіктермен және картоп өсірушілер одағымен бірлесіп тұрақты жеткізілімдер мен бағалар туралы меморандум дайындап жатыр, дейді үкіметтегілер.

"Сондай-ақ кеңесте тұрақтандыру қорларын бақылау процесін цифрландыру бойынша бастама көтерілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің түсуін және шығуын тіркеу үшін бейнемониторинг жүйелерімен әрі көкөніс қоймасының сканерлеуші құрылғыларымен жарақтандыру ұсынылады", - деп жазылған хабарламада.

Бұл өнім қозғалысының ашықтығын және оны онлайн режимде бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Серік Жұманғарин бұл бастаманы қолдап, өңірлерге оны енгізу тетіктерін пысықтауды тапсырды.
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2025
Тоқаев: ЕАЭО цифрландыру үдерісін басқаруға тиіс
Жаңалықтар
0