https://sputnik.kz/20250825/biyl-5-mynga-zhuyq-qazaqstandyq-ulken-qazhylyqqa-bargan-56589293.html
Биыл 5 мыңға жуық қазақстандық үлкен қажылыққа барған
Биыл 5 мыңға жуық қазақстандық үлкен қажылыққа барған
Sputnik Қазақстан
Сауд Арабиясының жауапты министрлігі қажлыққа барғандарға ерекше қолдау көрсетіп жатыр 25.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-25T16:42+0500
2025-08-25T16:42+0500
2025-08-25T17:00+0500
қажылық
сауд арабиясы
https://sputnik.kz/img/07e7/06/1a/36352670_0:0:2250:1267_1920x0_80_0_0_b0183350510d739b8218be6b383901d8.jpg
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Қазақстан мен Сауд Арабиясы қажылық және туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр, деп хабарлады Almaty.tv.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Сауд Арабияның қажылық және умра істері министрімен кездесті. Тараптар қажылықты ұйымдастырудың өзекті мәселелерін, соның ішінде әуе көлігімен тасымалдау, қажыларды орналастыру, виза алу мәселелерін талқылады.Министр Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа бұл сапардың мақсаты - елдеріміз арасындағы тарихи байланысты нығайту, сондай-ақ Қазақстаннан келетін қажылардың санын көбейту және оларға тиісті жағдай жасау екенін айтты.
https://sputnik.kz/20250709/muftiyat-zhinagan-qarzhysyn-mugedek-balalarga-bergen-qariyaga-qazhylyqqa-zholdama-syylady-55522011.html
сауд арабиясы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/1a/36352670_156:0:2156:1500_1920x0_80_0_0_451d2f8232d8281261a8c3ee32c9befe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қажылық, сауд арабиясы
Биыл 5 мыңға жуық қазақстандық үлкен қажылыққа барған
16:42 25.08.2025 (жаңартылды: 17:00 25.08.2025) Сауд Арабиясының жауапты министрлігі қажлыққа барғандарға ерекше қолдау көрсетіп жатыр
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Қазақстан мен Сауд Арабиясы қажылық және туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр, деп хабарлады
Almaty.tv.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Сауд Арабияның қажылық және умра істері министрімен кездесті. Тараптар қажылықты ұйымдастырудың өзекті мәселелерін, соның ішінде әуе көлігімен тасымалдау, қажыларды орналастыру, виза алу мәселелерін талқылады.
Министр Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа бұл сапардың мақсаты - елдеріміз арасындағы тарихи байланысты нығайту, сондай-ақ Қазақстаннан келетін қажылардың санын көбейту және оларға тиісті жағдай жасау екенін айтты.
"Биыл 4500-ге жуық отандасымыз ұлық қажылық парызын өтеді. Сауд Арабиясының жауапты министрлігі қажлыққа барғандарға ерекше қолдау көрсетіп жатыр. Бүгінгі таңда бірқатар маңызды мәселе шешілді: қажылық пен умраны өтеудің жеңілдетілген маршруттары, виза алу, әуе компаниясын ашу және тағы басқа мәселелер", - деді бас муфтий Наурызбай қажы Тағанұлы.