Астанада автобус жол апатына ұшырады: 14 адам жарақат алды

Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2025
Жазылу
Зардап шеккен бірқатар жолаушы амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Астанада автобус жол жиегіндегі жыраға түсіп кетіп, 14 адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше Кабанбай батыр көшесінде болған жол апаты салдарынан 14 адам жедел жәрдем арқылы қалалық көпсалалы стационарларға, сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді.
"Қабылдау бөлімінде барлығы салалық мамандардың тексеруінен өтті. Нәтижесінде бірқатар зардап шегуші амбулаторлық емдеуге жіберілді, ал қалғандары қосымша тексеруден өтіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккендердің басым бөлігі жеңіл жарақат алған.
Жаңалықтар
0