Жамбылдық диқандар бұрын су бармаған алқаптардан өнім жинап жатыр

© Sputnik / Ақмарал ШағатайЖамбыл облысының диқандары бұрын су бармаған алқаптардан өнім жинап жатыр
Жамбыл облысының диқандары бұрын су бармаған алқаптардан өнім жинап жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2025
Жазылу
Бүгінде ауданда 2000 гектардан астам егістік суарылып, жақсы өнім берген
АСТАНА, 24 тамыз - Sputnik. Жамбыл облысының диқандары бұрын су бармаған алқаптардан өнім жинап жатыр.
"Қазсушар" Жамбыл филиалының мамандары Т.Рысқұлов ауданы аумағындағы суару каналында механикалық тазалау және жөндеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде бұған дейін су бармаған егістік алқаптарына су жеткізілген.
Бүгінде ауданда 2000 гектардан астам егістік суарылып, жергілікті диқандар шыққан өнімге көңілдері толып отыр.
"Биыл бұл жерлерге алғаш рет жүгері ектік. Бұрын мұнда ештеңе егілмейтін. Қазір жүгері жақсы өсіп тұр, су уақытылы жеткізіліп жатыр. Болашақта егіс көлемін арттыруды жоспарлап отырмыз", – деді жергілікті шаруа қожалығының иесі Талғат Құдайбергенов.
Сонымен қатар "Қазсушардың" Жамбыл филиалы жергілікті атқарушы органдармен және диқандармен бірлесіп, ылғалды көп қажет ететін дақылдардың егіс көлемін қысқарту және шаруашылықаралық каналдарды тазалау қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Посевная в Костанайской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2025
Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
0