Ресейлік белгілі журналист Кирилл Вышинский қайтыс болды

© Vladimir TrefilovКирилл Вышинский
Кирилл Вышинский  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Журналист, "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің атқарушы директоры және Адам құқықтары жөніндегі кеңес мүшесі Кирилл Вышинский ауыр және ұзаққа созылған науқастан кейін 59 жасында қайтыс болды, деп хабарлады РИА Новости.
"Кирилл – шын мәнінде дарынды журналист болатын. Біздің редакциямен әріптестігі үшін 15 ай бойы қамауда отырды", – деді медиатоптың бас директоры Дмитрий Киселёв.
"Біздің журналист Кирилл Вышинский қайтыс болды. Өз құндылықтары үшін, біздің құндылықтарымыз үшін Украина түрмесінде отырған ер жүрек адам. Ол ауыр сырқатқа шалдықты. Жатқан жері жайлы болсын...", - деп жазды медиа топтың бас редакторы Маргарита Симонян.
Вышинский 1967 жылы 19 ақпанда Днепропетровскіде дүниеге келген. Мектепті бітіріп, Кеңес әскері қатарында қызмет еткеннен кейін Днепропетровск университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1991 жылы университетті бітіріп, өз мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істей бастады.
© SputnikКирилл Вышинский
Кирилл Вышинский  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2025
Кирилл Вышинский
Журналистикаға 1996 жылы келді: Днепропетровскіде "11 арнаның" шеф редакторы қызметін атқарды; содан кейін 1999 жылдан 2006 жылға дейін украиналық ICTV арнасында редактор және жүргізуші болды. 2006 жылдың қазан айында ол ВГТРК-ға жұмысқа ауысып, Киевтегі меншікті тілші болды.
Украинадағы мемлекеттік төңкерістен кейін ол "Россия сегодня" медиа тобының құрамында "РИА Новости-Украина" агенттігінің басшысы болды. 2015 жылдың қыркүйегінде ол Украина азаматтығын сақтап, Ресей азаматтығын алды. 2018 жылдың мамырында оны Украина қауіпсіздік қызметі "мемлекетке опасыздық жасады" деген айыппен ұстап, қамауға алды.
Жаңалықтар
0