https://sputnik.kz/20250823/qazaqstanda-24-mln-tonna-astyq-bastyryldy-56533675.html
Қазақстанда 2,4 млн тонна астық бастырылды
Қазақстанда 2,4 млн тонна астық бастырылды
Sputnik Қазақстан
Еліміздің оңтүстік аймақтарында егін жинау науқаны аяқталуға жақын 23.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-23T09:00+0500
2025-08-23T09:00+0500
2025-08-23T09:00+0500
астық
қазақстан
егін
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18064731_0:74:3198:1873_1920x0_80_0_0_d1b0ad04d0e0a3f8acaccb9e43a1b23f.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. 2025 жылғы 22 тамыздағы жағдай бойынша елімізде 15 өңірде 2,4 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Еліміздің оңтүстік аймақтарында егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Шымкентте егін орағы толығымен аяқталды.Егін жинау жұмыстарына 300 мыңнан астам техника:Энергетика министрлігімен бірлесіп, дизель отынын тиеп жөнелту бойынша мұнай өңдеу зауыттарына өңірлерді бөлу кестесі бекітілді. Соның арқасында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері дизель отынын литріне 254 теңгеден алып отыр, бұл нарықтағы бағадан 18-20%-ға төмен. Қазіргі уақытта 135,4 мың тонна жанармай жөнелтілді.Диқандар жоспардағы минералды тыңайтқыштармен 89% қамтамасыз етілген, жалпы 1,7 млн тонна тыңайтқыш жеткізілді. Қоймаларда тағы 43,3 мың тонна тыңайтқыш бар.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет 2024 жылы егіс және жиын-терім науқанын ерте қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. Бүгінде фермерлерді қаржыландыру жалғасуда:Лицензияланған астық қоймаларының толтырылу көрсеткіші 2,2 млн тоннаны немесе 16%-ды құрайды. Элеваторлар мен астық қоймаларында орын тапшылығы жоқ.
https://sputnik.kz/20250526/shymkentte-studentter-egin-zhinaytyn-robot-oylap-tapty-53837914.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18064731_301:0:2897:1947_1920x0_80_0_0_d9f9e5b6ed75872e4515bb8b3b544017.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық, қазақстан, егін
Қазақстанда 2,4 млн тонна астық бастырылды
Еліміздің оңтүстік аймақтарында егін жинау науқаны аяқталуға жақын
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. 2025 жылғы 22 тамыздағы жағдай бойынша елімізде 15 өңірде 2,4 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Еліміздің оңтүстік аймақтарында егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Шымкентте егін орағы толығымен аяқталды.
"Ауыл шаруашылығы министрлігінің жедел деректеріне сәйкес, қазірдің өзінде 1,7 млн гектар астық жиналды, бұл жалпы егін алқабының 10,7%-ын құрайды және 2,4 млн тонна астық бастырылды", - деп жазылған хабарламада.
Егін жинау жұмыстарына 300 мыңнан астам техника:
17 мың астық жинайтын машина,
130 мың басқа да техника жұмылдырылды.
Энергетика министрлігімен бірлесіп, дизель отынын тиеп жөнелту бойынша мұнай өңдеу зауыттарына өңірлерді бөлу кестесі бекітілді. Соның арқасында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері дизель отынын литріне 254 теңгеден алып отыр, бұл нарықтағы бағадан 18-20%-ға төмен. Қазіргі уақытта 135,4 мың тонна жанармай жөнелтілді.
Диқандар жоспардағы минералды тыңайтқыштармен 89% қамтамасыз етілген, жалпы 1,7 млн тонна тыңайтқыш жеткізілді. Қоймаларда тағы 43,3 мың тонна тыңайтқыш бар.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет 2024 жылы егіс және жиын-терім науқанын ерте қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. Бүгінде фермерлерді қаржыландыру жалғасуда:
жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша 502,7 млрд теңгеге 7594 өтінім берілді,
"жеңілдікті лизинг" бағдарламасы бойынша 153,4 млрд теңгеге келісімшарт жасалды,
"Даму" қоры арқылы 228 млрд теңгеге 1312 кепілдік берілді.
Лицензияланған астық қоймаларының толтырылу көрсеткіші 2,2 млн тоннаны немесе 16%-ды құрайды. Элеваторлар мен астық қоймаларында орын тапшылығы жоқ.