"Зор үлес қостыңыз": Тоқаев Қамшыбек Ташиевке шынайы ризашылығын білдірді

© Photo : АқордаТоқаев Камчыбек Ташиевке шынайы ризашылығын білдірді
Тоқаев Камчыбек Ташиевке шынайы ризашылығын білдірді - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2025
Жазылу
Президент Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиевке шынайы ризашылығын білдірді
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерін марапаттады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық және одақтастық қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев І дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды.
Қырғыз Республикасының VII шақырылған Жогорку Кенешінің депутаты Дастанбек Жұмабеков, Қырғызстан президентінің кеңесшісі Арслан Қойшиев, қоғам қайраткері Асқар Салымбеков ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды.
Президент Қырғыз Республикасының көрнекті мемлекет қайраткерлері қажырлы еңбек етіп, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосып жүргенін атап өтті.

"Соның арқасында саяси, экономикалық, мәдени байланыстарымыз нығайып келеді. Парламентаралық ықпалдастығымыз да күшейе түсті. Осы орайлы сәтте мен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек ҚыдыршаұлыТашиевке шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіз қауіпсіздік саласындағы екіжақты әріптестікті тереңдетуге зор үлес қосып жатырсыз, аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында атқарған табанды еңбегіңіз жоғары бағаға лайық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы марапат Қазақстанның Қырғыз халқына деген зор ризашылығы мен құрметінің белгісі екенін атап өтті.
"Сондықтан бұл күн мәңгі бауырластық пен тату көршіліктің жарқын үлгісі ретінде қазақ-қырғыз қатынасының жылнамасына алтын әріппен жазылады деп ойлаймын. Сіздер Қырғызстанның көркеюіне, сондай-ақ, екі ел арасындағы жан-жақты қарым-қатынасты нығайтуға мол үлес қоса бересіздер деп сенемін", – деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровты Алтын Қыран орденімен марапаттады - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2025
Тоқаев Қырғызстан президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады
Жаңалықтар
0