https://sputnik.kz/20250822/chekhiya-premer-ministri-ukrainaga-asker-ornalastyruga-ali--erte-ekenin-aytty-56505643.html
Чехия премьер-министрі Украинаға әскер орналастыруға әлі ерте екенін айтты
Чехия премьер-министрі Украинаға әскер орналастыруға әлі ерте екенін айтты
Sputnik Қазақстан
Премьер-министр ықтимал миссияның міндеті бейбітшілікті қамтамасыз ету емес, келісілген бейбітшілікке кепілдік беру болатынын айтты 22.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-22T08:37+0500
2025-08-22T08:37+0500
2025-08-22T11:57+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/09/12/38550074_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_7cbbe92b948c1cd141c83ed7c6c34cac.jpg
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Чехияның Украинаға шетелдік әскерлерді орналастыруға қатысуы туралы мәселені талқылауға әлі ерте, деп мәлімдеді Чехия премьер-министрі Петр Фиала, деп хабарлады РИА Новости.Премьер-министр ықтимал миссияның міндеті бейбітшілікті қамтамасыз ету емес, келісілген бейбітшілікке кепілдік беру болатынын айтты.Бұған дейін Германия канцлері Фридрих Мерц Украина бойынша Вашингтонда өткен кездесудің қорытындысы бойынша Украинаның қауіпсіздік кепілдігіне кім және қаншалықты қатысатыны туралы мәселені еуропалық серіктестермен және Америка үкіметімен талқылау керек деп мәлімдеген.Ресей сыртқы істер министрлігі Украинаға НАТО әскерін орналастыру Ресей үшін мүлдем қолайсыз және оның қақтығысты шиеленістіруі мүмкін деп мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/12/38550074_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_8f3871b54fd2a5887792c7ba3df6323a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Чехия премьер-министрі Украинаға әскер орналастыруға әлі ерте екенін айтты
08:37 22.08.2025 (жаңартылды: 11:57 22.08.2025) Премьер-министр ықтимал миссияның міндеті бейбітшілікті қамтамасыз ету емес, келісілген бейбітшілікке кепілдік беру болатынын айтты
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Чехияның Украинаға шетелдік әскерлерді орналастыруға қатысуы туралы мәселені талқылауға әлі ерте, деп мәлімдеді Чехия премьер-министрі Петр Фиала, деп хабарлады
РИА Новости.
"Украинада әлі бейбітшілік орнаған жоқ. Бізде бейбітшілікке жеткізетін нақты жол да жоқ, біз оны іздеп жатырмыз, сондықтан Украинадағы бітімгершілік күштер және оларға Чехияның қатысуы туралы айтуға әлі ерте. Біз ықтимал халықаралық миссияның қалай құрылатынын білмейміз", - деді Фиала "ЧТК" агенттігінің келтірген деректеріне сәйкес.
Премьер-министр ықтимал миссияның міндеті бейбітшілікті қамтамасыз ету емес, келісілген бейбітшілікке кепілдік беру болатынын айтты.
Бұған дейін Германия канцлері Фридрих Мерц Украина бойынша Вашингтонда өткен кездесудің қорытындысы бойынша Украинаның қауіпсіздік кепілдігіне кім және қаншалықты қатысатыны туралы мәселені еуропалық серіктестермен және Америка үкіметімен талқылау керек деп мәлімдеген.
Ресей сыртқы істер министрлігі Украинаға НАТО әскерін орналастыру Ресей үшін мүлдем қолайсыз және оның қақтығысты шиеленістіруі мүмкін деп мәлімдеді.