Ақмола облысында 21 қойды пойыз қағып кетті

Грузоперевозки  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2025
Жазылу
Көлік полицейлері 40 жастағы тұрғынды теміржол бойында мал жайғаны үшін жауапкершілікке тартты
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Ақмола облысында 21 қойды пойыз қағып кетті, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 21 тамызда "Қараадыр – Жалтыр" стансаларының аралығында болған.
"Жүк пойызының машинисі бір отар қойдың теміржолға шығып кетуіне байланысты шұғыл тежеу қолданды. Алайда тоқтап үлгермеді", - дейді департамент бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов.
Оның айтуынша, жедел іздестіру шаралары барысында Астана стансасындағы Желілік полиция басқармасының қызметкерлері теміржол аумағында мал баққан Ақмола облысының 40 жастағы тұрғынын анықтады.
"Ер адам темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деді полиция полковнигі.
Сондай-ақ ол малдың пойыз жолға шығып кетуі пойыз қозғалысына қауіп төндіріп, локомотивті зақымдайтынын айтты. Шұғыл тежеу жолаушылардың денсаулығы мен өміріне үлкен зиян келтіріп, пойыз қозғалысы кестесінің бұзылуына да әкелеліп соқтырады.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері елімізде пойыз үй жануарын 827 мәрте басып кеткен. Оның ішінде: 166 бас жылқы, 82 бас ірі қара мал, 43 бас ұсақ мал. Теміржолдың бөлінген аумағында мал жайғаны үшін 305 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтар
0