Үкімет өңірлердің жылу маусымына дайындығын тексерді

ЖЭО - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2025
Жазылу
Үкіметтік жұмыс топтары энергетикалық инфрақұрылымы әбден тозған және апат қаупі жоғары облыстарға басты назар аударып отыр
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Үкімет өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексеріп жатыр.
Өңірлерге аттанған үкіметтік жұмыс топтары энергетикалық инфрақұрылымы әбден тозған және апат қаупі жоғары облыстарға басты назар аударып отыр.
Осы мақсатта өңірлік инспекторлар Ермек Маржықпаев пен Ералы Тоғжанов Абай және Маңғыстау облыстарындағы дайындық барысын тексерді.
Семейде қазіргі таңда жылу көздері жылыту маусымына орташа есеппен 86% дайын. Осы ретте 12 нысанда жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр.
"Жалпы облыс бойынша нысандар 82,8%-ға дайын. 2025 жылға жоспарланған іс-шаралар нәтижесінде жылу желілерінің тозуы 59,4%-дан 56,6%-ға дейін төмендейді", - деп жазылған хабарламада.
Ералы Тоғжанов Үкімет резервінен реконструкциясына қаражат бөлінген "МАЭК" энергия кешеніне барды. Кәсіпорында жоспарлы жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес орындалып жатыр.
Бұдан бөлек, Ақтаудағы жылу желілерін жаңарту жобалары да ерекше назарда, дейді үкіметтегілер. Қазіргі таңда желілердің орташа тозу деңгейі 79%, ал жобаны іске асырғаннан кейін бұл көрсеткіш 75%-ға дейін төмендейді. Тұрғын үй қоры мен әлеуметтік нысандар жылыту маусымына 80% дайын.
Үкімет ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2025
Үкімет Ақтаудың жылу желілерін реконструкциялауға 3,6 млрд теңгеге жуық қаражат бөлді
Жаңалықтар
0