Қорғаста құны 7 млрд теңге болатын сауда павильонының құрылысы қайта жанданды

© © Photo : АО "Международный центр приграничного сотрудничества "Хоргос"/аккаунт в соцсетях"Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы
Қорғас халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2025
Жазылу
Мемлекеттік кіріс органдары Қытай инвесторына 1,4 млрд теңгеге кедендік төлемдерді қосымша есептеген
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Бас прокуратура "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығының арнайы экономикалық аймағындағы қытайлық инвестордың құқықтарын қорғады.
Белгілі болғандай, АЭА аумағындағы "Қолөнершілер қаласы"сауда павильонын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру барысында Қытай инвесторы проблемаларға тап болған.
Бұл АЭА қатысушыларының тізілімінде тіркеуден бас тартуға және қатысу шартының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты болған.
"Құрылыс материалдарын әкелудің аяқталмаған кедендік рәсіміне және кейіннен инвесторды тізілімнен шығаруға байланысты мемлекеттік кіріс органдары 1,4 млрд теңгеге кедендік төлемдерді қосымша есептеген", - деп жазылған хабарламада.
Бас прокуратураның ұсынысы бойынша инвесторға қатысты шектеулер алынып тасталды, заңсыз есептелген төлемдер жойылды.
Жіберілген заң үшін кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Нәтижесінде компания 7 млрд теңгеге жобаны іске қосып, оның шеңберінде жаңа жұмыс орындары құрылады, дейді прокурорлар.
Старт работ по строительству первой АЭС в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2025
АЭС құрылысы: 10 мың адам жұмыспен қамтылады
Жаңалықтар
0