ЕАЭО мен Үндістан еркін сауда келісімі бойынша келіссөзді бастау мәселесін талқылап жатыр

Грузовой поезд  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2025
Жазылу
Халықаралық сауда орталығының мәліметі бойынша ЕАЭО елдері мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 69 млрд долларды құрады
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. ЕАЭО мен Үндістан еркін сауда туралы келісім бойынша келіссөзді бастау мәселесін талқылап жатыр, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
"Еуразиялық экономикалық одақ пен Үндістан Республикасы арасында еркін сауда туралы келісім жасау жөніндегі келіссөз топтарының басшылары келіссөздің техникалық шарттарын бекіту туралы хабарлады. Тараптар келіссөз үдерісін бастау бойынша әрі қарай қадамдарды және болашақ сауда мәмілелерінің басқа да ұйымдастырушылық аспектілерін талқылады", - делінген хабарламада.
ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев соңғы бірнеше жылда байқалған ЕАЭО мен Үндістан арасындағы тауар айналымының айтарлықтай өскенін атап өтті.
Халықаралық сауда орталығының мәліметі бойынша ЕАЭО елдері мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 69 млрд долларды құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 7%-ға өсті.
Жаңалықтар
0