https://sputnik.kz/20250821/astanada-tortinshi-sorgy-suzgi-stantsiyasy-salynyp-zhatyr-56500544.html
Астанада төртінші сорғы-сүзгі станциясы салынып жатыр
Астанада төртінші сорғы-сүзгі станциясы салынып жатыр
Sputnik Қазақстан
Ол елорданы 2035 жылға дейін сумен қамтамасыз етеді 21.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-21T20:09+0500
2025-08-21T20:09+0500
2025-08-21T20:09+0500
ауыз су
астана
https://sputnik.kz/img/281/95/2819584_0:159:3076:1889_1920x0_80_0_0_e5a3ed2d616276c37bce2d8c4b8a034a.jpg
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында қалада төртінші сорғы-сүзгі станциясы салынып жатқанын жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әкімдік Астананы қосымша тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін "Телман" сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасын жүзеге асырып жатыр.Техникалық су құбырының екінші желісін салу арқылы "Тельман" бірінші көтеру сорғы станциясы тәулігіне 160 мың м³ жобалық қуатына толықтай шығады. Сонымен қатар Нұра жерасты су орнында су құбырын салу жобасы әзірленген.Сондай-ақ Хусейн бен Талал көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі су құбырын тұйықтау жобасы әзірленіп жатыр. Бұл жоба Тұран даңғылының батысындағы ауданды сумен қамтамасыз етеді. Жобалау жұмысы 2025 жылдың желтоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/281/95/2819584_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_c1c919a4ff33d2542e33abaa4bfa2b0f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыз су, астана
Астанада төртінші сорғы-сүзгі станциясы салынып жатыр
Ол елорданы 2035 жылға дейін сумен қамтамасыз етеді
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі
парақшасында қалада төртінші сорғы-сүзгі станциясы салынып жатқанын жазды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "2023 жылдың көктемінде су мәселесі болды. Сол жылы жазда жаңа су құбыры мен үшінші сорғы-сүзгі станциясы (ССС-3) іске қосылды. Қазіргі уақытта қалада қуат тапшылығы жоқ. Бұдан бөлек, алдағы жылдарға арналған қор да бар", - дейді әкім.
Әкімдік Астананы қосымша тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін "Телман" сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасын жүзеге асырып жатыр.
Техникалық су құбырының екінші желісін салу арқылы "Тельман" бірінші көтеру сорғы станциясы тәулігіне 160 мың м³ жобалық қуатына толықтай шығады. Сонымен қатар Нұра жерасты су орнында су құбырын салу жобасы әзірленген.
"Бұдан бөлек, ұзақмерзімді шаралар аясында Қ.Сәтбаев атындағы арнадан жаңа су құбыры мен төртінші сорғы-сүзгі станциясын (ССС-4) салуды бастадық. Су алу нысанының өнімділігі – тәулігіне 342 мың м³. ССС-4 қуаты – тәулігіне 210 мың м³. Аталған жобаны іске асыру 2035 жылға дейін халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге қажетті қуат береді", - деп толықтырды Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ Хусейн бен Талал көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі су құбырын тұйықтау жобасы әзірленіп жатыр. Бұл жоба Тұран даңғылының батысындағы ауданды сумен қамтамасыз етеді. Жобалау жұмысы 2025 жылдың желтоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.