Шетелдік мессенджерлерге тыйым салынатыны туралы ақпарат тарады – министрлік не дейді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. БАҚ-та таралып жатқан WhatsApp, Telegram және басқа да шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салынады деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше жеке мақсатта шетелдік сервистерді қолдануға еш тыйым салынбаған.
"Aitu мессенджерін енгізу бастамасы тек орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор ұйымдарына қызметтік коммуникация үшін ғана ұсынылады", - деп жазылған хабарламада.
Ол мемлекеттік қызметкерлер жұмыс барысында пайдаланатын ақпаратты қауіпсіз алмасу мақсатында қолданылады. Мақсаты – ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру және қорғалған цифрлық ортаға көшу.
"Aitu қызметтік хат алмасудың, жұмыс чаттарының, жедел хабарламалардың және мемлекеттік цифрлық платформалармен өзара әрекеттесудің негізгі құралына айналады. Оның басты артықшылығы – барлық сервер Қазақстан аумағында орналасқан, бұл деректерді қорғау талаптарына сәйкес келеді және жүйені мемлекеттік органдар үшін сенімдірек етеді", - дейді министрлік.
Aitu азаматтардың жеке өміріндегі шетелдік мессенджерлерді алмастырмайды және оған "кедергі келтірмейді", ол тек мемлекеттік сектордағы жұмыс процестеріне арналған.
Цифровое удостоверение личности - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2025
Қазақстанда EGOV mobile қосымшасының жаңа нұсқасы іске қосылды
Жаңалықтар
0