https://sputnik.kz/20250820/qorshagan-ortany-qorgauga-util-alymy-esebinen-85-mlrd-tenge-bolindi-56470079.html
Қоршаған ортаны қорғауға утиль алымы есебінен 8,5 млрд теңге бөлінді
Қоршаған ортаны қорғауға утиль алымы есебінен 8,5 млрд теңге бөлінді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. "Жасыл даму" АҚ кәдеге жарату алымы қаражаты есебінен 8,5 млрд теңгеден астам қаржыны экологиялық жобаларға бөлді, деп хабарлайды... 20.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-20T15:29+0500
2025-08-20T15:29+0500
2025-08-20T15:30+0500
утилизациялық алым
https://sputnik.kz/img/697/92/6979291_0:112:1200:787_1920x0_80_0_0_29a1bd6894f3bf50d492fdeb6fc5a7a5.jpg
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. "Жасыл даму" АҚ кәдеге жарату алымы қаражаты есебінен 8,5 млрд теңгеден астам қаржыны экологиялық жобаларға бөлді, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігі.Қаржы ормандарды қорғау және жануарлар дүниесін қорғау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамытуға жұмсалады.Заманауи бағдарламалық-аппараттық кешен еліміздің бірнеше өңірінде енгізілді:Сонымен қатар кәдеге жарату алымы (утиль алым) қаражаты есебінен "Жасыл даму" АҚ табиғатты қорғау құрылымдарының материалдық-техникалық базасын дамытуға 2,41 млрд теңге бөлді. Қаражат техникалық регламентте белгіленген экологиялық талаптарға сай отандық техниканы сатып алуға жұмсалды.Тізімге толық жетекті жол талғамайтын көліктер, өткізгіштігі жоғары жүк автомобильдері (оның ішінде рефрижератор-тушевоздар), сондай-ақ тіркемелі жабдықтары бар дөңгелекті тракторлар кірді. Барлық техника жануарлар дүниесін қорғау, көбейту және пайдалану жұмыстарымен айналысатын арнайы ұйымдарға берілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/697/92/6979291_151:0:1200:787_1920x0_80_0_0_6505399706116e30af7173744bcd9f23.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
утилизациялық алым
Қоршаған ортаны қорғауға утиль алымы есебінен 8,5 млрд теңге бөлінді
15:29 20.08.2025 (жаңартылды: 15:30 20.08.2025) АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. "Жасыл даму" АҚ кәдеге жарату алымы қаражаты есебінен 8,5 млрд теңгеден астам қаржыны экологиялық жобаларға бөлді, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Қаржы ормандарды қорғау және жануарлар дүниесін қорғау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамытуға жұмсалады.
"6,19 млрд теңгеден астам қаржы орман өрттерін ерте анықтау жүйесін сатып алуға бағытталды. Қаражат "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы бөлінді", - деп жазылған хабарламада.
Заманауи бағдарламалық-аппараттық кешен еліміздің бірнеше өңірінде енгізілді:
Ақмола облысында – "Куйбышев орман шаруашылығы" КММ, "Бұқпа орман шаруашылығы" КММ, "Ақкөл орман шаруашылығы" КММ, "Краснобор орман шаруашылығы" КММ және "Кеңес орман шаруашылығы" КММ;
Астана қаласында – "Жасыл аймақ" ШЖҚ РМК;
Қостанай облысында – "Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы" РММ.
Жүйе ормандардың жағдайын тұрақты бақылауға және өрт ошақтарын жедел анықтауға арналған.
Сонымен қатар кәдеге жарату алымы (утиль алым) қаражаты есебінен "Жасыл даму" АҚ табиғатты қорғау құрылымдарының материалдық-техникалық базасын дамытуға 2,41 млрд теңге бөлді. Қаражат техникалық регламентте белгіленген экологиялық талаптарға сай отандық техниканы сатып алуға жұмсалды.
Тізімге толық жетекті жол талғамайтын көліктер, өткізгіштігі жоғары жүк автомобильдері (оның ішінде рефрижератор-тушевоздар), сондай-ақ тіркемелі жабдықтары бар дөңгелекті тракторлар кірді. Барлық техника жануарлар дүниесін қорғау, көбейту және пайдалану жұмыстарымен айналысатын арнайы ұйымдарға берілді.