Қазақстандық айти мамандар алаяқтардан қорғайтын телефон жасап шығарды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуСмартфоны на витрине салона сотовой связи. Архивное фото
Смартфоны на витрине салона сотовой связи. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2025
Жазылу
Әзірге бұл телефондар мемлекеттік органдар мен ірі компанияларға арналып отыр
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Қазақстандық айти мамандар хакерлік шабуылдардан қорғайтын телефон жасап шығарды, деп хабарлайды 24.kz.
Құрылғы алаяқтардың күдікті әрекеттерін бұғаттап, жеке деректердің желіге тарап кетуінен сақтайды. Себебі барлық смартфон ортақ желіге қосылған. Яғни құрылғыдан шыққан әр ақпарат бір орталыққа жиналады.
Әзірге бұл телефондар мемлекеттік органдар мен ірі компанияларға арналып отыр. Яғни мемлекеттік және жекеменшік деректер базаларын қорғайды.
"Телефон, ноутбук, планшет пен компьютердің осал тұсы қандай? Оның ғаламторға қосылуы. Яғни интернеттен келген зиянды бағдарлама деректерді өз серверіне білдірмей жіберіп отыруы мүмкін. Ал біздің телефонымызға ондай бағдарлама келіп, деректерді ұрлаған күннің өзінде орталық оны шетке шығаруға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар желіден келетін деректерді бақылауға қабілетті", - дейді TSARKA зерттеу бөлімінің басшысы Игорь Сенюшин.
Жаңалықтар
0