https://sputnik.kz/20250820/qazaqstanda-qay-qalanyn-turgyndary-en-uzaq-omir-suretini-belgili-boldy-56480500.html
Қазақстанда қай қаланың тұрғындары ең ұзақ өмір сүретіні белгілі болды
Қазақстанда қай қаланың тұрғындары ең ұзақ өмір сүретіні белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Астанада өмір сүру ұзақтығы ең жоғары деңгейге жетті 20.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-20T22:12+0500
2025-08-20T22:12+0500
2025-08-20T22:12+0500
астана
өмір
салауатты өмір салты
жеке өмір
https://sputnik.kz/img/735/24/7352457_0:252:2172:1474_1920x0_80_0_0_673eeee5f57ff6a5e257f37711608885.jpg
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Елордада қазіргі уақытта өмір сүру ұзақтығы ел бойынша жоспарланған деңгейден 3,5 жылға жоғары, ал 2029 жылға белгіленген мақсатты көрсеткіштен 2 жылға асып отыр. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Айнұр Төлеуова мәлім етті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Басқарма басшысы орынбасарының мәліметінше, әсіресе Астанада туберкулезге қарсы күрестегі жетістіктер айтарлықтай жақсарған.Сонымен қатар миокард инфарктісін емдеудегі көрсеткіштер айтарлықтай жақсарған: барлық пациент ұсынылған 120 минут ішінде тері арқылы коронарлық араласу орталығына жеткізіледі.Жедел жәрдемнің келу уақыты да қысқартылған – шақырулардың 98,1%-ы 40 минут ішінде орындалуда.Ведомство өкілі сонымен қатар нәрестелер арасындағы өлім-жітім көрсеткіштеріндегі оң өзгерістерді де атап өтті. Мысалы, тұқым қуалайтын дамудағы ақаулардан болатын өлім-жітім екі есеге төмендеп, 14-тен 8 жағдайға дейін қысқарды. Сондай-ақ биыл инфекциялық себептерден болатын өлім-жітім тіркелген жоқ.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/735/24/7352457_0:49:2172:1678_1920x0_80_0_0_797b209da9e279a9b669da3d339ac25b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, өмір, салауатты өмір салты, жеке өмір
астана, өмір, салауатты өмір салты, жеке өмір
Қазақстанда қай қаланың тұрғындары ең ұзақ өмір сүретіні белгілі болды
Астанада өмір сүру ұзақтығы ең жоғары деңгейге жетті
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Елордада қазіргі уақытта өмір сүру ұзақтығы ел бойынша жоспарланған деңгейден 3,5 жылға жоғары, ал 2029 жылға белгіленген мақсатты көрсеткіштен 2 жылға асып отыр. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Айнұр Төлеуова мәлім етті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің
ресми сайты. Басқарма басшысы орынбасарының мәліметінше, әсіресе Астанада туберкулезге қарсы күрестегі жетістіктер айтарлықтай жақсарған.
"Аурушаңдық 21,5%-ға, ал өлім-жітім 6,5%-ға азайды. Инсультті емдеуде госпитальдық өлім-жітім 8%-ға төмендеді, ал ауруханадан шыққаннан кейін үйде бір ай ішінде болатын өлім-жітім 32%-ға азайды. Онкологиялық көмекті ерте анықтау үлесі өсіп келеді: қазіргі таңда аурулардың 34,6%-ы бастапқы кезеңде диагностикалануда, бұл кезде емдеу ең тиімді", – деп атап өтті ол.
Сонымен қатар миокард инфарктісін емдеудегі көрсеткіштер айтарлықтай жақсарған: барлық пациент ұсынылған 120 минут ішінде тері арқылы коронарлық араласу орталығына жеткізіледі.
Жедел жәрдемнің келу уақыты да қысқартылған – шақырулардың 98,1%-ы 40 минут ішінде орындалуда.
Ведомство өкілі сонымен қатар нәрестелер арасындағы өлім-жітім көрсеткіштеріндегі оң өзгерістерді де атап өтті. Мысалы, тұқым қуалайтын дамудағы ақаулардан болатын өлім-жітім екі есеге төмендеп, 14-тен 8 жағдайға дейін қысқарды. Сондай-ақ биыл инфекциялық себептерден болатын өлім-жітім тіркелген жоқ.