https://sputnik.kz/20250820/prezident-ukimetke-byudzhet-qarazhatyn-maqsatqa-say-igerudi-tapsyrdy-56467307.html
Президент үкіметке бюджет қаражатын мақсатқа сай игеруді тапсырды
Президент үкіметке бюджет қаражатын мақсатқа сай игеруді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Жиында 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері туралы баяндамалар жасалды 20.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-20T12:48+0500
2025-08-20T12:48+0500
2025-08-20T12:54+0500
президент
бюджет
https://sputnik.kz/img/07e9/08/14/56466365_0:30:1280:750_1920x0_80_0_0_ac7f11f06139491462d937fd4cbcf838.jpg
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономика және бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі жиын өтті.Іс-шараға премьер-министр Олжас Бектенов, президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.Талқылау барысында мемлекет басшысы республикалық және жергілікті деңгейде қаржыны тиімді жоспарлау мен бөлудің маңызы зор екенін айтты.Президент бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге, барлық әлеуметтік міндеттемелер мен өңірлердің ұзақмерзімді жоспарларын қаржыландыруға, сонымен қатар қаражатты мақсатқа сай бөлуге және игеруге баса назар аудару қажет деп санайды.
https://sputnik.kz/20250820/toqaev-qyrgyzstanga-resmi-saparmen-barady-56461972.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/14/56466365_120:0:1160:780_1920x0_80_0_0_bf769127c860215354d22e9fe73cdbef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, бюджет
Президент үкіметке бюджет қаражатын мақсатқа сай игеруді тапсырды
12:48 20.08.2025 (жаңартылды: 12:54 20.08.2025) Жиында 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері туралы баяндамалар жасалды
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономика және бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі жиын өтті.
Іс-шараға премьер-министр Олжас Бектенов, президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.
"Ұлттық экономиканың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы, сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері туралы баяндамалар жасалды", - деп жазылған хабарламада.
Талқылау барысында мемлекет басшысы республикалық және жергілікті деңгейде қаржыны тиімді жоспарлау мен бөлудің маңызы зор екенін айтты.
Президент бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге, барлық әлеуметтік міндеттемелер мен өңірлердің ұзақмерзімді жоспарларын қаржыландыруға, сонымен қатар қаражатты мақсатқа сай бөлуге және игеруге баса назар аудару қажет деп санайды.