https://sputnik.kz/20250820/ontustikte-egin-oragy-ayaqtaluga-zhaqyn-qansha-astyq-zhinaldy-56473913.html
Оңтүстікте егін орағы аяқталуға жақын: қанша астық жиналды
Оңтүстікте егін орағы аяқталуға жақын: қанша астық жиналды
Sputnik Қазақстан
Түркістан облысы 337 мың тонна астық, 800 мың тоннаға жуық көкөніс және 1,1 миллион тонна бақша дақылдарын жинады 20.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-20T19:21+0500
2025-08-20T19:21+0500
2025-08-20T19:23+0500
егін
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18064731_0:74:3198:1873_1920x0_80_0_0_d1b0ad04d0e0a3f8acaccb9e43a1b23f.jpg
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Қазақстанның оңтүстігінде егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Түркістан облысында 330 мың тоннадан астам астық, сондай-ақ рекордтық көлемде 1,1 миллион тонна бақша дақылдары жиналды, деп хабарлайды ҚХА ақпарат агенттігі.Шымкентте астық жинаудың барлық циклі аяқталды. Түркістан және Жамбыл облыстары дәнді дақылдар мен бақша дақылдарын жинаудың соңғы кезеңіне жақындап қалды.Ал қазір Қазақстан Республикасының 14 облысында егін жинау науқаны жүріп жатыр. Бүгінгі күні 1,5 миллион гектардан астам егістік өңделіп, 2 миллион тоннадан астам дәнді және бұршақ дақылдары бастырылды.Бұл ретте майлы дақылдарды жинау қызу жүріп жатыр – қазірдің өзінде 28 мың гектарға жуық аумақтан 20,5 мың тоннаға жуық өнім жиналды.Жоғары динамика аграрлық сектордың басқа салаларында да байқалады. Осылайша, шамамен 18 мың гектар алқаптан картоп жиналды (бұл барлық егіс алқабының 13 пайызынан сәл артық), жалпы жиынтық көлемі жарты миллион тоннаға жуықтады. 48 мың гектар алқаптан көкөніс жиналды (барлық егіс алқабының шамамен үштен бірі), жалпы өнім 1,4 миллион тоннадан асты. Қауын жинау да аяқталуға жақын: 64 мың гектардан 1,7 миллион тоннадан астам (үштен екіге жуық) жиналды.
https://sputnik.kz/20250526/shymkentte-studentter-egin-zhinaytyn-robot-oylap-tapty-53837914.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18064731_301:0:2897:1947_1920x0_80_0_0_d9f9e5b6ed75872e4515bb8b3b544017.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
егін, түркістан облысы
Оңтүстікте егін орағы аяқталуға жақын: қанша астық жиналды
19:21 20.08.2025 (жаңартылды: 19:23 20.08.2025) Түркістан облысы 337 мың тонна астық, 800 мың тоннаға жуық көкөніс және 1,1 миллион тонна бақша дақылдарын жинады
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Қазақстанның оңтүстігінде егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Түркістан облысында 330 мың тоннадан астам астық, сондай-ақ рекордтық көлемде 1,1 миллион тонна бақша дақылдары жиналды, деп хабарлайды
ҚХА ақпарат агенттігі.
Шымкентте астық жинаудың барлық циклі аяқталды. Түркістан және Жамбыл облыстары дәнді дақылдар мен бақша дақылдарын жинаудың соңғы кезеңіне жақындап қалды.
"Түркістан облысы бүгінге дейін 337 мың тонна астық, 800 мың тоннаға жуық көкөніс және 1,1 миллион тонна бақша дақылдарын жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Көршілес Жамбыл облысында да 460 мың тонна астық, 340 мың тонна көкөніс және 336 мың тонна бақша дақылдарын жинап алған", - деп жазылған хабарламада.
Ал қазір Қазақстан Республикасының 14 облысында егін жинау науқаны жүріп жатыр. Бүгінгі күні 1,5 миллион гектардан астам егістік өңделіп, 2 миллион тоннадан астам дәнді және бұршақ дақылдары бастырылды.
Бұл ретте майлы дақылдарды жинау қызу жүріп жатыр – қазірдің өзінде 28 мың гектарға жуық аумақтан 20,5 мың тоннаға жуық өнім жиналды.
Жоғары динамика аграрлық сектордың басқа салаларында да байқалады. Осылайша, шамамен 18 мың гектар алқаптан картоп жиналды (бұл барлық егіс алқабының 13 пайызынан сәл артық), жалпы жиынтық көлемі жарты миллион тоннаға жуықтады. 48 мың гектар алқаптан көкөніс жиналды (барлық егіс алқабының шамамен үштен бірі), жалпы өнім 1,4 миллион тоннадан асты. Қауын жинау да аяқталуға жақын: 64 мың гектардан 1,7 миллион тоннадан астам (үштен екіге жуық) жиналды.