https://sputnik.kz/20250820/almatyda-sudya-sot-otyrysy-kezinde-sausaqtarymen-tusiniksiz-areket-korsetken-56468074.html
Алматыда судья сот отырысы кезінде саусақтарымен түсініксіз әрекет көрсеткен
Алматыда судья сот отырысы кезінде саусақтарымен түсініксіз әрекет көрсеткен
Sputnik Қазақстан
Судьяның торды еске салатын әрекетін желі қолданушылары әрқалай топшылап, қызу талқыға салды 20.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-20T14:12+0500
2025-08-20T14:12+0500
2025-08-20T14:12+0500
алматы
сот
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_0:192:3001:1880_1920x0_80_0_0_0de4afdb79c701144fcdfde69b3da1e8.jpg
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде тағы бір судьяның түсініксіз әрекеті түскен видео тарады.Тараған видеода Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Бақытжан Бәкірбаевтың қос қолының саусақтарымен жасаған қимылы көрсетілген. Судьяның торды еске салатын әрекетін желі қолданушылары әрқалай топшылап, қызу талқыға салды.Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты осы мәселе қатысты түсініктеме берді.Белгілі болғандай, видео 2024 жылы Алматы қаласының сотында резонансты қылмыстық іс бойынша үш айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш қаралған кезде түсірілген.Өтінішті қарау қорытындысы бойынша сот айыпталушыларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданудан бас тартты. Қылмыстық істің мәні бойынша сот ақтау үкімін шығарды, дейді соттағылар.Жалпы іс қарау барысында судьяның сот отырысындағы әрекеттеріне қатысты шағымдар түскен. Аталған шағымдарды қарау нәтижесінде Судья әдебі жөніндегі комиссия судьяның кейбір әрекеттеріне қоғамдық сөгіс жариялады.
https://sputnik.kz/20250819/tilin-shygardy-shymkentte-sudyaga-qatysty-qyzmettik-tekseris-zhuredi-56446902.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_84:0:2751:2000_1920x0_80_0_0_556a91bc70c41ebd228d21c149216b02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, сот
Алматыда судья сот отырысы кезінде саусақтарымен түсініксіз әрекет көрсеткен
Судьяның торды еске салатын әрекетін желі қолданушылары әрқалай топшылап, қызу талқыға салды
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде тағы бір судьяның түсініксіз әрекеті түскен видео тарады.
Тараған видеода Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Бақытжан Бәкірбаевтың қос қолының саусақтарымен жасаған қимылы көрсетілген. Судьяның торды еске салатын әрекетін желі қолданушылары әрқалай топшылап, қызу талқыға салды.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты осы мәселе қатысты түсініктеме берді.
Белгілі болғандай, видео 2024 жылы Алматы қаласының сотында резонансты қылмыстық іс бойынша үш айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш қаралған кезде түсірілген.
"Сот отырысы барысында процеске қатысушылардың бірі залдан шығып кетуге әрекет жасаған. Судья мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін білдірді, себебі дәл сол сәтте бұлтартпау шарасын қамауға алу түріне өзгерту мәселесі қаралып жатқан болатын. Аталған қимыл тек сот тәртібін сақтау мен процестің дұрыс өтуін қамтамасыз ету мақсатында жасалған", - деп жазылған ресми хабарламада.
Өтінішті қарау қорытындысы бойынша сот айыпталушыларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданудан бас тартты. Қылмыстық істің мәні бойынша сот ақтау үкімін шығарды, дейді соттағылар.
Жалпы іс қарау барысында судьяның сот отырысындағы әрекеттеріне қатысты шағымдар түскен. Аталған шағымдарды қарау нәтижесінде Судья әдебі жөніндегі комиссия судьяның кейбір әрекеттеріне қоғамдық сөгіс жариялады.