https://sputnik.kz/20250819/shymkentte-khqko-nyn-eks-basshysy-tergeu-izolyatorynda-qaytys-boldy-56457720.html
Шымкентте ХҚКО-ның экс-басшысы тергеу изоляторында қайтыс болды
Шымкентте ХҚКО-ның экс-басшысы тергеу изоляторында қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. Шымкентте арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының экс-басшысы Жомарт Мұрашимов тергеу изоляторында қайтыс болды... 19.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-19T19:56+0500
2025-08-19T19:56+0500
2025-08-19T19:56+0500
хқко
шымкент
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. Шымкентте арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының экс-басшысы Жомарт Мұрашимов тергеу изоляторында қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұл туралы күдіктінің қорғаушысы Талғат Есімов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.Оның айтуынша, ХҚКО экс-басшысы экономикалық қылмыстар бойынша күдікті болған."Соңғы 20 маусымда соттан бұлтартпау шарасын өзгертуді сұрадық. Себебі оның денсаулығы ауыр, өміріне қауіп төнді", - дейді Есімов.Сотқа барлық негізделген медициналық құжаттар көрсетіліпті.Адвокат Есімов экс-басшының өліміне себепкер ретінде тергеу мекемесіндегі медицина мамандарын тексеруді сұрап, Бас прокуратураға арыз жазды."Бас прокуратурадан № 69 мекемесіндегі медициналық-санитарлық бөлімінің басшысы М. Танабековке қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы тапсырма беруін сұраймын. Өйткені бұл - биыл бірінші рет болған жағдай емес. Жоғарғы сот тергеу сотының жұмысына, сот талқылауын ресми қарау бойынша назар аударсын! Тараз қаласының изоляторында қарт адамның қайтыс болуы ешкімге сабақ болмады", - дейді адвокат әлеуметтік желідегі парақшасында.
https://sputnik.kz/20200429/qordayt-qaqtugys-qaitys-boldy-13840193.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
хқко, шымкент
Шымкентте ХҚКО-ның экс-басшысы тергеу изоляторында қайтыс болды
АЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. Шымкентте арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының экс-басшысы Жомарт Мұрашимов тергеу изоляторында қайтыс болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бұл туралы күдіктінің қорғаушысы Талғат Есімов әлеуметтік желідегі
парақшасында жазды.
"Бүгін комада менің қорғауымдағы Жомарт Мұрашимов қайтыс болды. Шымкент қаласының тергеу соты оны бұлтартпау шарасын үй қамағына немесе кепілге ауыстырған жоқ", - дейді адвокат.
Оның айтуынша, ХҚКО экс-басшысы экономикалық қылмыстар бойынша күдікті болған.
"Соңғы 20 маусымда соттан бұлтартпау шарасын өзгертуді сұрадық. Себебі оның денсаулығы ауыр, өміріне қауіп төнді", - дейді Есімов.
Сотқа барлық негізделген медициналық құжаттар көрсетіліпті.
"Тергеу судьясы С. Айнабеков онлайн режимде оқшаулау бөлімінің медицина-санитарлық бөлімінің басшысы Мұхит Танабековтен жауап алды. Ол менің қорғауымдағы азаматтың денсаулығы бақылауда екенін айтты. Ал судья бұл жалған мәлімдемеге баса назар аударып, адвокаттардың дәлелдерін негізсіз деп таныды", - дейді қорғаушы.
Адвокат Есімов экс-басшының өліміне себепкер ретінде тергеу мекемесіндегі медицина мамандарын тексеруді сұрап, Бас прокуратураға арыз жазды.
"Бас прокуратурадан № 69 мекемесіндегі медициналық-санитарлық бөлімінің басшысы М. Танабековке қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы тапсырма беруін сұраймын. Өйткені бұл - биыл бірінші рет болған жағдай емес. Жоғарғы сот тергеу сотының жұмысына, сот талқылауын ресми қарау бойынша назар аударсын! Тараз қаласының изоляторында қарт адамның қайтыс болуы ешкімге сабақ болмады", - дейді адвокат әлеуметтік желідегі парақшасында.