https://sputnik.kz/20250819/shveytsariya-resey-prezidentine-khalyqaralyq-qylmystyq-sot-sheshiminen-immunitet-usynady-58421654.html
Швейцария Ресей президентіне Халықаралық қылмыстық сот шешімінен иммунитет ұсынады
Швейцария Ресей президентіне Халықаралық қылмыстық сот шешімінен иммунитет ұсынады
Sputnik Қазақстан
2023 жылдың наурыз айында Ресей құзыретін мойындамайтын Халықаралық қылмыстық соттың сотқа дейінгі палатасы Владимир Путин мен балалар омбудсмені Мария... 19.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-19T20:12+0500
2025-08-19T20:12+0500
2025-11-03T22:12+0500
ресей
сот
президент
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/08/57699853_0:179:3031:1884_1920x0_80_0_0_0cbe8f1b8bd74f51ce2ffdddb420cd6c.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Швейцария Ресей президенті Владимир Путинге бейбіт келіссөздер аясында ол елге келген жағдайда Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) шығарған тұтқындау ордерінен иммунитет береді, деп мәлімдеді Швейцария сыртқы істер министрі Иньяцио Кассис, деп хабарлады РИА Новости.Сейсенбі күні Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей президенті Владимир Путин мен Владимир Зеленский арасындағы кездесуді "бейтарап елде" өткізуге шақырып, Женеваны кездесу орны ретінде ұсынды.Бұған дейін Венгрия парламенті Халықаралық қылмыстық соттан (ХҚС) шығуды қолдап дауыс берген болатын. Орбан мұны соңғы жылдары ұйымның бейтараптан саясиға мекемеге айналуын себеп деп түсіндірді.2023 жылдың наурыз айында Ресей құзыретін мойындамайтын Халықаралық қылмыстық соттың сотқа дейінгі палатасы Владимир Путин мен балалар омбудсмені Мария Львова-Белованы "тұтқындау" туралы ордер шығарды.Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін мәлімдегендей, Халықаралық қылмыстық соттың Ресей президентін "тұтқындау" туралы шешімі жөнсіз, себебі Мәскеу оның өкілеттілігін мойындамайды.Әлем халқының жартысынан көбін құрайтын елдер Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) құзыретін мойындамайды. Оларға Ресей, АҚШ, Қытай, Үндістан, Түркия, Әзербайжан, Беларусь, Мысыр, Индонезия, Иран, Қазақстан және Сауд Арабиясы кіреді. Рим мәртебесін 137 мемлекет қолдап қол қойған, бірақ оны тек 124 мемлекет ратификациялаған.
https://sputnik.kz/20250305/resey-men-myanma-khalyqaralyq-qylmystyq-sot-roline-qarsy-turuga-kush-biriktiredi-52113525.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/08/57699853_95:0:2824:2047_1920x0_80_0_0_f1dd7ef080b2a77368dc65ebb85d8d44.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, сот, президент
Швейцария Ресей президентіне Халықаралық қылмыстық сот шешімінен иммунитет ұсынады
20:12 19.08.2025 (жаңартылды: 22:12 03.11.2025) 2023 жылдың наурыз айында Ресей құзыретін мойындамайтын Халықаралық қылмыстық соттың сотқа дейінгі палатасы Владимир Путин мен балалар омбудсмені Мария Львова-Белованы "тұтқындау" туралы ордер шығарды
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Швейцария Ресей президенті Владимир Путинге бейбіт келіссөздер аясында ол елге келген жағдайда Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) шығарған тұтқындау ордерінен иммунитет береді, деп мәлімдеді Швейцария сыртқы істер министрі Иньяцио Кассис, деп хабарлады
РИА Новости.
Сейсенбі күні Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей президенті Владимир Путин мен Владимир Зеленский арасындағы кездесуді "бейтарап елде" өткізуге шақырып, Женеваны кездесу орны ретінде ұсынды.
"Швейцария Халықаралық қылмыстық сот ордеріне қарамастан, Ресей президенті Владимир Путин "бейбітшілік конференциясына" қатысуға келген жағдайда оған иммунитет береді", - деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі министрдің сөзін келтіріп.
Бұған дейін Венгрия парламенті Халықаралық қылмыстық соттан (ХҚС) шығуды қолдап дауыс берген болатын. Орбан мұны соңғы жылдары ұйымның бейтараптан саясиға мекемеге айналуын себеп деп түсіндірді.
2023 жылдың наурыз айында Ресей құзыретін мойындамайтын Халықаралық қылмыстық соттың сотқа дейінгі палатасы Владимир Путин мен балалар омбудсмені Мария Львова-Белованы "тұтқындау" туралы ордер шығарды.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін мәлімдегендей, Халықаралық қылмыстық соттың Ресей президентін "тұтқындау" туралы шешімі жөнсіз, себебі Мәскеу оның өкілеттілігін мойындамайды.
Әлем халқының жартысынан көбін құрайтын елдер Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) құзыретін мойындамайды. Оларға Ресей, АҚШ, Қытай, Үндістан, Түркия, Әзербайжан, Беларусь, Мысыр, Индонезия, Иран, Қазақстан және Сауд Арабиясы кіреді. Рим мәртебесін 137 мемлекет қолдап қол қойған, бірақ оны тек 124 мемлекет ратификациялаған.