Футболдан Қазақстан құрамасының Уэльс пен Бельгияға қарсы құрамы жарияланды

© Sputnik / Владислав Воднев Казахстанский футболист Бактиер Зайнутдинов
 Казахстанский футболист  Бактиер Зайнутдинов - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2025
Жазылу
Нақты тізім анықталғанға дейін өзгерістер болуы мүмкін
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қыркүйек айында өтетін Уэльс пен Бельгияға қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Тізімге 36 ойыншы енді.
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен ("Астана"), Александр Заруцкий ("Қайрат"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Қажымұқан Төлепберген ("Оқжетпес");
Қорғаушылар: Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – "Астана"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Роман Асыранқұлов, Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (бәрі – "Тобыл"), Еркін Тапалов ("Қайрат"), Сергей Малый, Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – "Ордабасы"), Әділбек Жұмаханов ("Елімай"), Арсен Әшірбек ("Оқжетпес");
Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков ("Тобыл"), Бактиер Зайнутдинов ("Динамо Мәскеу", Ресей), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – "Елімай"), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де – "Оқжетпес"), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (екеуі де – "Жеңіс"), Георгий Жуков ("Ақтөбе"), Муроджон Халматов, Эльхан Астанов (екеуі де – "Ордабасы"), Дамир Қасаболат ("Қайрат");
Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев ("Ақтөбе"), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Айбар Жақсылықов ("Қайсар"), Дастан Сәтбаев ("Қайрат"), Алияр Мұхамед ("Оқжетпес"), Иван Свиридов ("Елімай").
Нақты тізім анықталғанға дейін өзгерістер болуы мүмкін. Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанада басталады.
Айта кетері, Қазақстан құрамасы қыркүйекте екі ойын өткізеді. 4 қыркүйекте Астанада Уэльс құрамасын қабылдаса, 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен кездеседі. Екі ойын да 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.
Уэльске қарсы ойын "Астана Аренада" Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Билеттер Ticketon.kz сайтында қолжетімді.
Жаңалықтар
0