https://sputnik.kz/20250819/biyl-balaly-bolgan-otbasylarga-507-mlrd-tenge-zhardemaqy-tolendi-56456732.html
Биыл балалы болған отбасыларға 507 млрд теңге жәрдемақы төленді
Биыл балалы болған отбасыларға 507 млрд теңге жәрдемақы төленді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. Биыл қазақстандықтарға бала тууына және бала күтіміне байланысты 507 млрд теңге жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Еңбек және... 19.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-19T22:50+0500
2025-08-19T22:50+0500
2025-08-19T22:50+0500
жәрдемақы
жәрдемақы қалай төленеді
көпбалалы отбасы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
АЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. Биыл қазақстандықтарға бала тууына және бала күтіміне байланысты 507 млрд теңге жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақы, сондай-ақ баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне 506,7 млрд теңге төленді. Оны 408,5 мың адам алды.Биылғы бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жәрдемақы, жәрдемақы қалай төленеді, көпбалалы отбасы
жәрдемақы, жәрдемақы қалай төленеді, көпбалалы отбасы
Биыл балалы болған отбасыларға 507 млрд теңге жәрдемақы төленді
АЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. Биыл қазақстандықтарға бала тууына және бала күтіміне байланысты 507 млрд теңге жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақы, сондай-ақ баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне 506,7 млрд теңге төленді. Оны 408,5 мың адам алды.
"Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыға биыл бюджеттен 36,4 млрд теңге бөлінді. Оны 201,7 мың адам алды. Соның ішінде шілде айында 5,9 млрд теңгені 32,4 мың адам алды. Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады", - дейді ведомство.
Биылғы бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:
бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге.
Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:
бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;
екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.