Сыздықбеков президентке мемлекетке қайтарылған нысандар туралы баяндады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТокаев прилетел в Шымкент
Токаев прилетел в Шымкент - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2025
Жазылу
Шымкентте Мұз сарайы, Орталық су спорты кешені, №2 қалалық емхана, "Қиял әлемі" технопаркі мен "Кең баба" саябағы мемлекет меншігіне өткен
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысына қаланың биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында есеп берілді.
© Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдады
Касым-Жомарт Токаев принял акима города Шымкента Габита Сыздыкбекова - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2025
Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдады
Ғабит Сыздықбеков жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 31 пайызға ұлғайып, 360 миллиард теңгені құрағанын жеткізді.
Биыл өнеркәсіп саласында жалпы құны 680 миллиард теңге болатын өнім өндірілген. Құрылыс қарқын алып, 517 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген.
"Әкім Шымкенттің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру үшін "Жұлдыз" және "Бозарық" жаңа индустриялық аймақтары іске қосылғанын айтты", - деп жазылған хабарламада.
Шаһарда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 139 мыңнан асты. Аталған секторда 245 мыңға жуық адам жұмыс істейді.
Шымкент қаласының инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жайында баяндады. Жаңа әуежай терминалы салынып, теміржол вокзалы реконструкциядан өтті.
"Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында 12 мектеп және Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Шағын футбол орталығы мен спорт кешені бой көтерді.
"Оңтүстік айналма жолы және 2 ірі жолайрық пайдалануға берілді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін былтыр – 2 270, биыл 2 743 көше жарықтандырылды", - деді Сыздықбеков.
Президент тапсырмасына сай, активтерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.
Атап айтқанда, Мұз сарайы, Орталық су спорты кешені, №2 қалалық емхана, "Қиял әлемі" технопаркі мен "Кең баба" саябағы мемлекет меншігіне өткен.
Президент қала экономикасын одан әрі әртараптандыру, қосымша инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту, әуежайға жаңа ұшу-қону жолағын төсеу, мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешу, қала тұрғындарын баспанамен қамту, сондай-ақ жол инфрақұрылымын жаңғырту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Президент Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2025
Тоқаев Астанадағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді
Жаңалықтар
0