Сирек кездесетін диагнозы бар науқастарға 4,1 млрд теңге бөлінеді

© Pixabay/HeungSoonДәрі-дәрмек
Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2025
Жазылу
Бүгінгі таңда елімізде "гипофосфатемиялық рахит" диагнозы бар 26 пациент тіркелген
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Гипофосфатемиялық рахитпен ауыратын пациенттер дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Ведомство жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп сирек кездесетін "гипофосфатемиялық рахит" диагнозы бар пациенттерді Буросумаб (Крисвита) дәрілік затымен қамтамасыз ету мәселесін пысықтады.
Бүгінгі таңда елімізде осы диагнозы бар 26 пациент тіркелген, оның 10-ы осы жылдың соңына дейін "Қазақстан халқына" қоры қаражатының есебінен сатып алынған препаратпен қамтамасыз етілген.
"2026 жылдан бастап барлық 26 пациент үшін дәрілік препаратты сатып алу жергілікті бюджет қаражаты есебінен 4,1 млрд теңге сомасына толық қаржыландырылатын болады", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік хабарлағандай, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова гипофосфатемиялық рахитпен ауыратын балалардың ата-аналарымен кездесу өткізеді.
Жаңалықтар
0