Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей ФҚҚ тосқауыл қойған Қырым көпіріндегі жаңа теракт туралы не белгілі – видео

© Sputnik / Константин МихальчевскийКрым
Крым - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2025
Жазылу
Бұған дейін Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі Украина арнайы қызметтерінің Қырым көпірінде қуатты тағы бір жарылыс әрекетінің жолын кескенін хабарлаған
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Киев режимі жоспарлаған, бірақ Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі (ФҚҚ) тосқауыл қойған Қырым көпіріндегі теракт туралы мәліметтерді Sputnik Ближнее зарубежье дайындады.

"Қуатты жарылғыш заты бар автокөлік Украинадан шығып, бірнеше еуропалық ел арқылы транзитпен жүріп өткен. Бұл батыс арнайы қызметтерінің құзыретіне күмән келтіреді және оларды осы қылмысқа қатысы бар деп күдіктенуге мүмкіндік береді", – делінген сюжетте.

Онда қылмыскерлер Ресей аумағында не болып жатқанынан бейхабар басқа бір жүргізушіні жалдап, оны еріксіз жанкешті лаңкеске айналдыруды жоспарлағаны атап өтілген.
Бұған дейін Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі Украина арнайы қызметтерінің Қырым көпірінде қуатты тағы бір жарылыс әрекетінің жолын кескенін хабарлаған.
Қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны Ресейге кіргізуге қатысы бар барлық адам ұсталды.
Бұл – Киев режимінің Қырым көпіріне теракт жасауды көздеген алғашқы әрекеті емес. Мәселен, 2025 жылғы 2 сәуірде Беларусь пен Польша шекарасында микроавтобус ұсталды, оның ішінен жарты тоннадан астам синтетикалық жарылғыш зат табылған болатын. Көлік жүргізушісіне бұл жүкті белгілі бір эстондық тапсырыс беруші сыйақы үшін жеткізуді ұсынған.
2022 жылғы 8 қазанда Қырым көпірінде автокөлік жарылып кеткен. Жүргізуші тасып бара жатқан жүктің не екенін білмеген. Сол жерде жүргізушінің өзі және тағы төрт адам қаза тапқан.
Жаңалықтар
0