https://sputnik.kz/20250818/qostanayda-7-respublikalyq-zholda-zhondeu-zhurip-zhatyr-oblys-akimi-toqaevqa-esep-berdi-56426721.html
Қостанайда 7 республикалық жолда жөндеу жүріп жатыр: облыс әкімі Тоқаевқа есеп берді
Қостанайда 7 республикалық жолда жөндеу жүріп жатыр: облыс әкімі Тоқаевқа есеп берді
Sputnik Қазақстан
Ақсақалов президентке өңірдің биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен алдағы кезеңге арналған жоспарын баяндады 18.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-18T15:30+0500
2025-08-18T15:30+0500
2025-08-18T15:30+0500
қасым-жомарт тоқаев
қостанай облысы
құмар ақсақалов
https://sputnik.kz/img/07e9/05/16/53788098_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_d316e0caa2285c49ae34e0282c78730e.jpg
АЛМАТЫ, 18 шілде - Sputnik. Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Ақсақалов президентке өңірдің биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен алдағы кезеңге арналған жоспарын баяндады.Облыс әкімінің айтуынша, өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындары 1,82 триллион теңгенің өнімін өндірген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3 пайызға жоғары. Өңірде құны 337 миллиард теңге болатын 13 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Осы арқылы 3,4 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынып, жыл басынан бері өңірде 22 әлеуметтік нысан іске қосылған. Жыл соңына дейін тағы 29 әлеуметтік нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр."Облыста су тарату және су бұру жүйелеріне қатысты 54 жоба іске асырылып жатыр. Қала халқының 99 пайызы, ал ауыл тұрғындарының 91,3 пайызы орталықтандырылған су құбырына қосылған", - дейді Ақсақалов.Биыл Қостанай облысының көлік инфрақұрылымын дамытуға 102 миллиард теңге бөлінген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық."1300 шақырым автожолға, соның ішінде 7 республикалық трассада құрылыс, реконструкция және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жезқазған – Петропавл учаскесінің реконструкциясы аяқталуға жақын. Қостанай – Мамлют жолы толық жаңарды. Екатеринбург – Алматы бағытындағы Сарыкөлден Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары жалғасуда", - дейді әкім баяндамасында.Елді мекендердің көшелері мен жолдарын жақсартуға айрықша көңіл бөлінеді. Бюджеттен 103 ауылдағы 400-ден астам көшені жөндеуге 29 миллиард теңге бағытталды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп.Ал президент инвестиция көлемін одан әрі арттырып, өнеркәсіп пен аграрлық секторды дамыту керектігін айтты. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды жаңғыртып, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға назар аударылсын деді Тоқаев.Сондай-ақ жылыту маусымына әзірлікті уақтылы аяқтап, күзгі жиын-терін науқанын сапалы ұйымдастыру, сондай-ақ ауыл тұрғындарының ауызсуға қолжетімділігін арттыру үшін жүйелі шаралар қабылдау - Қостанай облысының әкіміне президент берген тапсырмалардың бірі болды.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/16/53788098_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_79ea88e5090f7c3f8181436452800b6b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қостанай облысы, құмар ақсақалов
қасым-жомарт тоқаев, қостанай облысы, құмар ақсақалов
Қостанайда 7 республикалық жолда жөндеу жүріп жатыр: облыс әкімі Тоқаевқа есеп берді
Ақсақалов президентке өңірдің биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен алдағы кезеңге арналған жоспарын баяндады
АЛМАТЫ, 18 шілде - Sputnik. Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Ақсақалов президентке өңірдің биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен алдағы кезеңге арналған жоспарын баяндады.
Облыс әкімінің айтуынша, өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындары 1,82 триллион теңгенің өнімін өндірген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3 пайызға жоғары. Өңірде құны 337 миллиард теңге болатын 13 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Осы арқылы 3,4 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.
"Маңызды жобалардың қатарында жылына 70 мың автокөлік шығаратын KIA зауыты көп ұзамай іске қосылады. Бұл жаңадан 1500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жүк автомобильдеріне жетекші белдем өндіретін "КамлитKZ" зауыты бар. Жобаның инвестиция көлемі – 160,5 миллиард теңге. Онда 550 жұмыс орны ашылмақ", - деді әкім президентке.
Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынып, жыл басынан бері өңірде 22 әлеуметтік нысан іске қосылған. Жыл соңына дейін тағы 29 әлеуметтік нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.
"Облыста су тарату және су бұру жүйелеріне қатысты 54 жоба іске асырылып жатыр. Қала халқының 99 пайызы, ал ауыл тұрғындарының 91,3 пайызы орталықтандырылған су құбырына қосылған", - дейді Ақсақалов.
Биыл Қостанай облысының көлік инфрақұрылымын дамытуға 102 миллиард теңге бөлінген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық.
"1300 шақырым автожолға, соның ішінде 7 республикалық трассада құрылыс, реконструкция және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жезқазған – Петропавл учаскесінің реконструкциясы аяқталуға жақын. Қостанай – Мамлют жолы толық жаңарды. Екатеринбург – Алматы бағытындағы Сарыкөлден Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары жалғасуда", - дейді әкім баяндамасында.
Елді мекендердің көшелері мен жолдарын жақсартуға айрықша көңіл бөлінеді. Бюджеттен 103 ауылдағы 400-ден астам көшені жөндеуге 29 миллиард теңге бағытталды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп.
Ал президент инвестиция көлемін одан әрі арттырып, өнеркәсіп пен аграрлық секторды дамыту керектігін айтты. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды жаңғыртып, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға назар аударылсын деді Тоқаев.
Сондай-ақ жылыту маусымына әзірлікті уақтылы аяқтап, күзгі жиын-терін науқанын сапалы ұйымдастыру, сондай-ақ ауыл тұрғындарының ауызсуға қолжетімділігін арттыру үшін жүйелі шаралар қабылдау - Қостанай облысының әкіміне президент берген тапсырмалардың бірі болды.