Оралда күйік шалған 8 жасар бала көз жұмды

© Sputnik / Владислав Воднев Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
 Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Оралда денесін күйік шалған 8 жастағы жеткіншек қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта қайғылы оқиға 10 тамыз сағат сағат 16.30-да шамасында Қонаев шағын ауданында болған.
Тұрғындардың бірі үй ауласында автомобилін жөндеп жатып, жанар-жағармай құйылған канистрді қалдырып кеткен. Ал аулада жүрген балалар канистрге сіріңке жағып, ойнаған. Салдарынан өрт шығып, от бір баланың киіміне тиген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, күйік шалған бала жансақтау бөліміне түсіп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Алайда денесінің 95 проценті күйген жеткіншек 17 тамызда қайтыс болды.
Қылмыс құрамы болмағандықтан, полицияда іс тіркелмеген. Ал тұрғындар әлеуметтік желіде қайғылы оқиғаны көрген куәгерлерді іздестіріп жатыр.
Түркістан облысында газ баллоны жарылып, 6 адам зардап шекті - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2025
Түркістан облысында тұрғын үйде газ жарылып, 6 адамды күйік шалды
Жаңалықтар
0