Есірткі бойынша бұғатталған активтер сомасы 11,5 млрд теңгеден асады - Бас прокуратура

© PhotoМарихуана, канабис
Марихуана, канабис - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Күмәнді қаржы ағындарын бақылау арқылы 9 млрд теңгеден астам қылмыс анықталды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов "Х" әлеуметтік желісінде жазды.
"Ақша ізіне түсу"қағидаты бойынша есірткі бизнесін ұйымдастырушылардың мүлкі мен цифрлық активтерін алып қоюдың жаңа әдістемесі әзірленген.
"Арнайы прокурорлар осы әдістемені қолдана отырып, бес өңірде 9 млрд теңгеден астам қаражатты құраған қылмыстық істерді тергеп-тексеріп жатыр. Ақтау мен Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың 9 мүшесі 2,3 миллиард теңгені (1,2 миллиард қолма-қол ақша және 1,1 миллиард банк шоттарында) қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталып, ірі көлемде есірткі алынды", - деп жазды Асылов.
Бұл әдіс нәтижесінде Ұлытау облысында құны 6 миллион доллар болатын криптовалютаға тыйым салынған.
Астанада бірнеше есірткі дүкендері жұмыс жасауының жолын кесіп, құны 3,8 миллион доллар (88 әмиян) тұратын криптовалютаны тыйым салушаралары қолға алынды. Шетелде жасырынған ұйымдастырушылар ұсталды.
Шымкентте арнайы прокурорлар АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің көмегімен ірі есірткі дүкені бойынша шетелдік ағындарды, соның ішінде криптовалютаны жылдам қадағалап, 70 млрд теңгеге 500 мың транзакциясын анықтады, 2 астыртын зертхананы жойып, 24 қатысушыны қамауға алды.
ҰҚК мен полиция қызметкерлері криптовалютада 12 миллион доллар құрайтын осындай істі тергеп-тексеріп жатыр.
"Жыл басынан бері құны 2,3 млрд теңге болатын 85 мыңнан астам картаға тыйым салынды. Жалпы алғанда, арнайы прокурорлардың істерімен бірге есірткі істері бойынша тыйым салынған активтердің сомасы 11,5 миллиард теңгеден асады", - деді бас прокурор.
Жаңалықтар
0