Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин Аляскада Трамппен жүргізілген келіссөзді қорытындылады

© POOL / Медиабанкке өтуПрезидент Владимир Путин провел совещание по итогам российско-американской встречи в верхах
Президент Владимир Путин провел совещание по итогам российско-американской встречи в верхах - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2025
Жазылу
Ол тікелей келіссөзде өз ұстанымын байсалды және мұқият баяндаудың мұндай мүмкіндігі көптен бері болмағанын атап өтті
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Аляскадағы келіссөз қорытындысы бойынша жиналыс өткізді.
Ресей басшысының айтуынша, сапар дер кезінде жасалып, өте пайдалы болды.
"Біз ынтымақтастықтың барлық дерлік бағытын талқыладық, бірақ, әрине, бірінші кезекте, Украина дағдарысын әділ негізде шешу мүмкіндігі туралы айттық", - деді ол.
Ол кездесуде осы дағдарыстың себептері туралы мәселенің көтерілуі ерекше маңызды деп есептейді.
"Дәл осы басты себептерді жою дағдарысты реттеудің негізі болуға тиіс", - деп атап өтті Ресей президенті.
Ол тікелей келіссөзде өз ұстанымын байсалды және мұқият баяндаудың мұндай мүмкіндігі көптен бері болмағанын атап өтті.
"Әрине, әскери іс-қимылды тез арада тоқтату қажет деп есептейтін Америка әкімшілігінің ұстанымын құрметтейміз. Біз де мұны қалаймыз және барлық мәселені бейбіт жолмен шешуге көшкіміз келеді", - деп толықтырды Путин.
Президент жоғары деңгейде өткен кездесу барлық тарапты қажетті шешімдерге жақындатқанын, өте ашық және мазмұнды болғанын мәлімдеді.

Аляскада келіссөз қалай өтті

Сенбіге қараған түні Путин мен Трамп Анкоридж қаласындағы Эльмендорф-Ричардсон әскери базасында кездесті. Кездесу екі сағат 45 минутқа созылды.
Президенттер Украинадағы қақтығысты тоқтату бойынша жұмыс істеуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Трамптың айтуынша, реттеудің маңызды тармақтары бойынша әзірге келісім жасалмады, бірақ келісімге келуге жақсы мүмкіндік бар.
Жаңалықтар
0