Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Путиннің Мәскеуде келіссөз өткізу туралы ұсынысынан бас тартқан жоқ

© Sputnik / Сергей Бобылев / Медиабанкке өтуСаммит России и США на Аляске
Саммит России и США на Аляске - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2025
Жазылу
АҚШ басшысы Аляскадағы келіссөздерді нәтижелі деп атады
АСТАНА, 16 тамыз– Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік әріптесінің Мәскеуде кездесу өткізу жөніндегі ұсынысынан бас тартқан жоқ.
"Өте қызықты ұсыныс. Мүмкін мені сынайтындар табылар, бірақ менің ойымша, бұл әбден мүмкін", – деді ол келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында.
Трамп келіссөздерді нәтижелі деп атап, онда көптеген мәселелер талқыланғанын, олардың кейбірі "шынында да маңызды" болғанын айтты. Алайда Украина бойынша шешімге келе алмағанын мойындады.
"Мақсатқа толық қол жеткізе алмадық. Өкінішке қарай әзірге келісім жоқ",– деп түйіндеді Трамп.
Ол кездесудің қорытындыларын НАТО-ға және басқа да "қажетті көшбасшыларға", соның ішінде Зеленскийге жеткізуге уәде берді, сондай-ақ АҚШ Сыртқы істер министрі Марко Рубио мен арнайы өкіл Стивен Уиткоффқа атқарған жұмыстары үшін алғыс айтты.
© POOL / Медиабанкке өтуСаммит России и США на Аляске
Саммит России и США на Аляске - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2025
Саммит России и США на Аляске
"Ең бастысы – бізде бейбітшілікке қол жеткізуге өте жақсы мүмкіндік бар. Әзірге оған қол жеткізе қойған жоқпыз, бірақ президент Путинге және оның командасына, осында отырған сіздерге осы үшін қажеттінің бәрін жасағандарыңызға алғысымды білдіремін", – деп атап өтті Трамп.
Сонымен қатар екіжақты қатынастарда елеулі прогреске қол жеткізілгенін Трамп ерекше айтты.
"Менің президент Путинмен қарым-қатынасым өте жақсы. Онымен біз көптеген күрделі де жақсы кездесулер өткіздік", – деп бөлісті АҚШ президенті.
Трамп Ресейдің 2016 жылғы АҚШ-тағы сайлауға "араласуы" туралы еске салып, "оның (Путиннің) саяси жолын ескерсек, ол мұның бәрінің жалған екенін біледі" деп атап өтті.
"Ресей, Ресей, Ресей". Ол жасалғанның бәрі – қылмыстық әрекеттер екенін түсінеді", – деді Дональд Трамп.
© POOL / Медиабанкке өтуСаммит России и США на Аляске
Саммит России и США на Аляске - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2025
Саммит России и США на Аляске
Ол Ресей делегациясына қарап, олардың жүздерін газеттерден көріп жүргенін айтты.
"Сіздер іс жүзінде бастықтарыңыз сияқты дерлік танымалсыздар, әсіресе,міне, мына мырза", – деді Трамп Сергей Лавровты нұсқап.
Айтуынша, президент Путин де бұл қақтығысты мен сияқты аяқтағысы келеді әрі жаңа кездесуге үміт білдірді.
Сол сәтте Путин ағылшын тілінде Мәскеуде кездесуді ұсынды. Трамп бұған қарсы болған жоқ.
Саммит России и США на Аляске - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин мен Трамптың кездесуі қалай өтті
Жаңалықтар
0