Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин АҚШ-пен қарым-қатынасты жақсартуға мүдделі – америкалық журналист

© POOL / Медиабанкке өтуСаммит России и США на Аляске
Саммит России и США на Аляске - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2025
Жазылу
Аляскада Ресей мен АҚШ президенттері Путин мен Трамп келіссөз өткізді
АСТАНА, 16 тамыз– Sputnik. Аляскадағы саммиттен кейін Путин АҚШ-пен қарым-қатынасты қалпына келтіруге "айқын мүдделі". Бұл туралы Covert Action журналының бас редакторы Джереми Кузмаров РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында айтты.
"Путин АҚШ-пен экономикалық және дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіруге айқын мүдделі, бірақ Трамптың барлық санкцияны алып тастап, қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін бірден қабылданған саясатқа қайта оралғысы келетіні белгісіз. Егер ол осылай әрекет жасаса, ол ел ішінде үлкен қарсылыққа тап болар еді", – деді Кузмаров.
Оның айтуынша, Трамп пен Путин "бейбіт келісімге қол жеткізу жолында ілгерілеу бар деген әсер қалдырды".
"Алайда ресми түрде атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілген жоқ әрі Трамп кейбір мәселелер бойынша олардың пікірлері сәйкес келмейтінін мойындады", – деп атап өтті ол.
Сарапшының сөзінше, әлі де белгісіз нәрсе – Украина мен АҚШ Ресейдің Украинаның шығысындағы "ірі аумақтық олжаларын" мойындай ма және НАТО-ның Украинаны кеңейтуіне келісім бере ала ма.
"Кешеден ертеңге қадам басу" – Путин Ресей мен АҚШ қарым-қатынасы туралы
Айта кетері, Аляскада Ресей мен АҚШ президенттері Путин мен Трамп келіссөз өткізді.
Көшбасшылардың кездесуі Анкоридж қаласындағы Эльмендорф-Ричардсон әскери базасында өтті.
Шағын құрамдағы келіссөз "үште үш" форматында өтіп, екі сағат 45 минутқа созылды.
Кездесуге Ресей тарапынан Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков қатысты. АҚШ тарапынан мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен америкалық лидердің арнаулы өкілі Стивен Уиткофф болды.
Саммит России и США на Аляске - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин мен Трамптың кездесуі қалай өтті
Жаңалықтар
0