https://sputnik.kz/20250815/qazaqstan-men-ozbekstan-arasyndagy-aue-reysterinin-sany-artady-56388532.html
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе рейстерінің саны артады
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе рейстерінің саны артады
Sputnik Қазақстан
Келісім нәтижесінде екі елдің тасымалдаушыларына "Алматы – Ташкент" және "Астана – Ташкент" бағыттарының әрқайсысы бойынша аптасына 42 рейске дейін ұшуға... 15.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-15T18:20+0500
2025-08-15T18:20+0500
2025-08-15T18:20+0500
қазақстан
өзбекстан
рейстер
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1c/53989738_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_76d1c4d45e9f5089abdd2d719aef908c.jpg
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан екі ел арасындағы әуе рейстерінің санын көбейтіп, авиация саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті, деп хабарлайды көлік министрлігі."Орталық Азия – Қытай (С5+1)" форматындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының конференциясы аясында Қазақстан мен Өзбекстан авиациялық билік органдары арасында келіссөздер жүргізілді.Келіссөздер барысында екі тарап тұрақты әуе рейстерінің санын арттыру туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл қадам көлік қолжетімділігін дамытуға, іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ екі елдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған, дейді министрлік.Тараптар сондай-ақ елдер арасындағы тұрақты рейстер үшін белгіленген пункттер санын көбейтуге келісті.
https://sputnik.kz/20250708/qazaqstan-nyu-york-tokio-zhane-singapurge-reyster-ashu-maselesin-pysyqtap-zhatyr-55477315.html
қазақстан
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1c/53989738_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_5454d5cac5531785416361ac7b400039.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, өзбекстан, рейстер
қазақстан, өзбекстан, рейстер
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе рейстерінің саны артады
Келісім нәтижесінде екі елдің тасымалдаушыларына "Алматы – Ташкент" және "Астана – Ташкент" бағыттарының әрқайсысы бойынша аптасына 42 рейске дейін ұшуға рұқсат берілген
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан екі ел арасындағы әуе рейстерінің санын көбейтіп, авиация саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті, деп хабарлайды көлік министрлігі.
"Орталық Азия – Қытай (С5+1)" форматындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының конференциясы аясында Қазақстан мен Өзбекстан авиациялық билік органдары арасында келіссөздер жүргізілді.
Келіссөздер барысында екі тарап тұрақты әуе рейстерінің санын арттыру туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл қадам көлік қолжетімділігін дамытуға, іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ екі елдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған, дейді министрлік.
"Келісім нәтижесінде екі елдің тасымалдаушыларына "Алматы – Ташкент" және "Астана – Ташкент" бағыттарының әрқайсысы бойынша аптасына 42 рейске дейін ұшуға рұқсат берілген. Басқа бағыттарда аптасына 14 рейске дейін рұқсат етіледі", - дейді ведомстводағылар.
Тараптар сондай-ақ елдер арасындағы тұрақты рейстер үшін белгіленген пункттер санын көбейтуге келісті.