https://sputnik.kz/20250815/balalarga-qatysty-kez-kelgen-zhazatayym-zhagday-ushin-mugalimdi-zhazalau-orynsyz--toqaev-56378849.html
Балаларға қатысты кез келген жазатайым жағдай үшін мұғалімді жазалау орынсыз – Тоқаев
Балаларға қатысты кез келген жазатайым жағдай үшін мұғалімді жазалау орынсыз – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Алматы облысында түлектер арасында болған қайғылы жағдай үшін директор мен мұғалімдер жұмыстан шығарылған 15.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-15T11:28+0500
2025-08-15T11:28+0500
2025-08-15T11:28+0500
мұғалімдер мәртебесі
мұғалім
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/08/0f/56378040_0:31:1280:751_1920x0_80_0_0_d2ef255b015fb7dfbfbf09604470646f.jpg
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясының пленарлық отырысында "Педагог мәртебесі туралы" заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Мемлекет басшысы мұғалімнің құқығын қорғау мәселесі әрдайым басты назарда болуға тиіс екенін атап өтті.Президент Алматы облысында түлектер арасында болған қайғылы жағдай үшін директор мен мұғалімдер жауапқа тартылып, жұмыстан шығарылғанын мысал ретінде келтірді.Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізу қажет деп санайды."Мемлекеттің міндеті – мұғалімнің қоғамдағы беделін және мәртебесін мейлінше арттыру. Тағы бір мәселе. Маңғыстауда балалар сапасыз тамақтан уланып қалғанын білесіздер. Осы сұмдық жағдайдан кейін мектептегі тамақтың сапасын қадағалау жұмысын Денсаулық сақтау министрлігі толығымен өз міндетіне алды. Бұл өте дұрыс шешім болды", - деп түйіндеді президент.
https://sputnik.kz/20250815/toqaev-tort-zhyldyn-ishinde-ustazdardyn-zhalaqysy-eki-ese-oskenin-aytty-56377386.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/0f/56378040_120:0:1161:781_1920x0_80_0_0_7ef00a6b5cdd74c7b09edbcbb0e569c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұғалімдер мәртебесі, мұғалім, қасым-жомарт тоқаев
мұғалімдер мәртебесі, мұғалім, қасым-жомарт тоқаев
Балаларға қатысты кез келген жазатайым жағдай үшін мұғалімді жазалау орынсыз – Тоқаев
Алматы облысында түлектер арасында болған қайғылы жағдай үшін директор мен мұғалімдер жұмыстан шығарылған
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясының пленарлық отырысында "Педагог мәртебесі туралы" заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Мемлекет басшысы мұғалімнің құқығын қорғау мәселесі әрдайым басты назарда болуға тиіс екенін атап өтті.
"Мен сөз басында ұстаздардың өз міндетінен тыс жұмыстардан босатылғанын айттым. Бірақ кейде жергілікті билік өкілдері заң талаптарын өрескел бұзып жатады. Прокуратура органдары мұндай заң бұзушылықтарға тосқауыл қоюы керек. Сондай-ақ балаларға қатысты кез келген жазатайым жағдай үшін де мұғалімді жазалау орынсыз деп санаймын. Мектептен тыс жерде, ата-аналардың жауапсыздығынан оқыс оқиға болса, оған ұстаз жауапты емес", - дейді Тоқаев.
Президент Алматы облысында түлектер арасында болған қайғылы жағдай үшін директор мен мұғалімдер жауапқа тартылып, жұмыстан шығарылғанын мысал ретінде келтірді.
"Министрлік олардың мүддесін қорғап қалды. Дұрыс. Біз мұндай келеңсіздікке жол бермеуіміз керек", - деді ол.
Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізу қажет деп санайды.
"Мемлекеттің міндеті – мұғалімнің қоғамдағы беделін және мәртебесін мейлінше арттыру. Тағы бір мәселе. Маңғыстауда балалар сапасыз тамақтан уланып қалғанын білесіздер. Осы сұмдық жағдайдан кейін мектептегі тамақтың сапасын қадағалау жұмысын Денсаулық сақтау министрлігі толығымен өз міндетіне алды. Бұл өте дұрыс шешім болды", - деп түйіндеді президент.