Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Путинмен саммиттен кейін Зеленскиймен кездесуі мүмкін

© AP Photo / Pablo Martinez MonsivaisДональд Трамп пен Владимир Путин
Дональд Трамп пен Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2025
Жазылу
Кездесу қайда болатынын әзірге білмеймін, бірақ бізде үш нұсқа бар, деді АҚШ президенті
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей лидері Владимир Путинмен Аляскада кездескеннен кейін Владимир Зеленскиймен екінші кездесуді ұйымдастыру мәселесін талқылау үшін телефон арқылы сөйлесуге ниетті екенін айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Кездесу қалай өтетініне қарай, мен президент Зеленскийге телефон соғып, кездесуді ұйымдастырайық деп айтамын. Оның қайда болатынын әзірге білмеймін, бірақ бізде үш нұсқа бар. Соның бірі - Аляскада қалу, бұл ең оңай жол болар еді", - деді Трамп Fox News радиосында.
Кремль мен Ақ үй бұған дейін Путин мен Трамптың 15 тамызда Аляскада кездесетінін хабарлаған. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, президенттер кездесуі Элмендорф-Ричардсон әскери базасында Мәскеу уақытымен сағат 22:30-да басталады. Оның айтуынша, Путин мен Трамп алдымен жеке, содан кейін делегациялардың қатысуымен кездесу өткізеді.
Келіссөздерге Юрий Ушаков, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров, қорғаныс министрі Андрей Белоусов, қаржы министрі Антон Силуанов және Ресей президентінің шет мемлекеттермен инвестиция және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Кирилл Дмитриев қатысады.
Кездесу алдында Путин мен Трамп бірнеше сөз айтады. Келіссөздер қорытындысы бойынша олар бірлескен баспасөз мәслихатын өткізеді. Кездесудің негізгі тақырыбы Украина дағдарысын реттеу болады.
Жаңалықтар
0