Баян Жалмағанбетова президентке бірқатар ұсынысын жеткізді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТокаев принял представителя Уполномоченного по правам человека по городу Астане Баян Жалмаганбетову
Токаев принял представителя Уполномоченного по правам человека по городу Астане Баян Жалмаганбетову - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2025
Жазылу
Кездесуде адам құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласы бойынша өкілі Баян Жалмағанбетованы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесуде адам құқықтарын қорғау, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Баян Жалмағанбетова мемлекет басшысына аталған салаға қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді.
"Президент 2023 жылдың желтоқсан айында арнайы Жарлықпен Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары бекітілгенін атап өтіп, омбудсмен және оның өкілдері осы құжатты тиімді жүзеге асыру ісінде негізгі институт рөлін атқаратынына назар аударды", - деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық белсенділік танытқаны үшін Баян Жалмағанбетоваға ризашылығын білдіріп, басқа өңірлер елордаға қарап бой түзейтінін, сондықтан бұл істе оған айрықша жауапкершілік жүктелетінін айтты.
Президент мүмкіндігі шектеулі жандардың мұң-мұқтажын шешу үшін әкімдікпен және министрліктермен тығыз жұмыс істеу, үкіметтік емес ұйымдарды ортақ іске жұмылдыру маңызды екеніне тоқталды.
Жаңалықтар
0