Жезқазғанда әкімдік қызметкері мен оның қызын өлтіріп кетті

© Sputnik / Абзал КалиевОграбление, иллюстративное фото
Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Жезқазғанда анасы мен қызын пәтерінде өлтіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қанды қылмыс 10 тамызда болған. Мәйіттерді үй иесінің бауыры тапқан.
Әпкесіне бірнеше рет телефон соққан ол, жауап ала алмаған соң пәтеріне іздеп барған. Есікті өз кілтімен ашып кіргенде сұмдық жағдайдың үстінен түскен.
Әйелдің жасы 59-да, қалалық әкімдікте есепші қызметін атқарған. Оның мойын тұсына бірнеше рет пышақ салынған. Ал қызы Астанадағы колледжде 2-курс оқыған. Оның денесі жатын бөлмеден табылды. Қызды буындырып өлтірген болуы мүмкін. Күдікті көп ұзамай қолға түсті.
"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер осы қылмысты жасады деген күдіктіні ізін суытпай ұстады. Жауап алу кезінде ол өзінің кінәсін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Ұлытау облыстық полиция департаменті.
Тергеу барысы облыс полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Түрмедегі сым - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2025
Әйелді өлтіріп, ауласына көмген Түркістан тұрғынына үкім шықты
Жаңалықтар
0