https://sputnik.kz/20250813/zhataqkhanaga-muqtazh-studentter-qay-onirlerde-kop-56316160.html
Жатақханаға мұқтаж студенттер қай өңірлерде көп
Жатақханаға мұқтаж студенттер қай өңірлерде көп
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның 20 өңірінің тек 8-і ғана студенттердің барлығына баспана бере алады 13.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-13T08:50+0500
2025-08-13T08:50+0500
2025-08-13T08:50+0500
студенттер
жатақхана
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1b/39703131_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_55be83df0685e7d02716ea678663634a.jpg
АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстанда студенттер баспанамен толық қамтылмаған. Ал салынып жатқан жатақханалардың жартысы жұмысшылар мен мигранттарға арналған, деп хабарлайды Energyprom.kz.2024/2025 жылдары шалғайдан келіп оқитын 131,4 мың студентке жатақхана керек болған. Іс жүзінде 95,9 мың студент жатақханада тұрды. Қазақстанның 20 өңірінің тек 8-і ғана студенттердің барлығына баспана бере алады.Жатақхана құрылысы қалай жүріп жатыр?Жалпы, жатақханалар салынып жатыр. Мәселен, биыл қаңтар–маусым айларында Қазақстанда 22 жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Алайда олардың жартысы, яғни 11-і студенттерге емес, жұмысшылар мен мигранттарға арналған. Тікелей студенттер үшін тек 6 жатақхана тұрғызылды, тағы 4 ғимарат отбасылық үлгідегі жатақханаларға жатқызылды.Құрылыс географиясы елдің 20 аймағының 10-ын қамтыды. Көшбасшы Атырау облысы болды, онда 6 жатақхана пайдалануға берілді. Екінші орында 4 жаңа ғимараты бар Астана тұр, ал Ақмола және Маңғыстау облыстарында 3 ғимараттан салынды.Тұрғын үйге мұқтаж студенттердің ең көп үлесі Ақтөбе облысында, бірақ биыл мұнда жатақханалар құрылысы мүлде жүргізілмеген. Алматыда да осындай жағдай. Ал Атырау облысында жатақханаға мұқтаждар 99,7%-ға қамтылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1b/39703131_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_0f09eb0cd14fcc66c7416b62c065a2ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
студенттер, жатақхана
Жатақханаға мұқтаж студенттер қай өңірлерде көп
Қазақстанның 20 өңірінің тек 8-і ғана студенттердің барлығына баспана бере алады
АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстанда студенттер баспанамен толық қамтылмаған. Ал салынып жатқан жатақханалардың жартысы жұмысшылар мен мигранттарға арналған, деп хабарлайды
Energyprom.kz. 2024/2025 жылдары шалғайдан келіп оқитын 131,4 мың студентке жатақхана керек болған. Іс жүзінде 95,9 мың студент жатақханада тұрды.
"Тұрғын үйге мұқтаж студенттердің ең көп саны Алматы, Астана қалаларында, Қарағанды, Ақтөбе және Қостанай облыстарында тіркелді. Жатақханаға мұқтаж студенттердің 73%-і баспанамен қамтылды", - деп жазылған материалда.
Қазақстанның 20 өңірінің тек 8-і ғана студенттердің барлығына баспана бере алады.
Жатақхана құрылысы қалай жүріп жатыр?
Жалпы, жатақханалар салынып жатыр. Мәселен, биыл қаңтар–маусым айларында Қазақстанда 22 жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Алайда олардың жартысы, яғни 11-і студенттерге емес, жұмысшылар мен мигранттарға арналған. Тікелей студенттер үшін тек 6 жатақхана тұрғызылды, тағы 4 ғимарат отбасылық үлгідегі жатақханаларға жатқызылды.
Құрылыс географиясы елдің 20 аймағының 10-ын қамтыды. Көшбасшы Атырау облысы болды, онда 6 жатақхана пайдалануға берілді. Екінші орында 4 жаңа ғимараты бар Астана тұр, ал Ақмола және Маңғыстау облыстарында 3 ғимараттан салынды.
Тұрғын үйге мұқтаж студенттердің ең көп үлесі Ақтөбе облысында, бірақ биыл мұнда жатақханалар құрылысы мүлде жүргізілмеген. Алматыда да осындай жағдай. Ал Атырау облысында жатақханаға мұқтаждар 99,7%-ға қамтылды.