Қырғызстанда өтетін ЕАЭО үкіметаралық кеңесінде қандай мәселе талқыланады

© Photo : Пресс-служба Министерства здравоохранения РКФлаги стран-участниц ЕАЭС
Флаги стран-участниц ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Қырғызстанның Шолпан-ата қаласында өтіп жатқан ЕАЭО үкіметаралық кеңесінде қандай мәселелер талқыланады. Бұл туралы Қырғызстан экономика және коммерция министрлігі ЕАЭО үйлестіру басқармасының бастығы Елімбек Қаныбекұлы Sputnik Қырғызстан баспасөз орталығында өткен брифингте айтты.
14-15 тамызда Шолпан-атада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді.
Қаныбекұлының айтуынша, күн тәртібінде 20 мәселе бар: төртеуі шағын құрамда, 16-сы кеңейтілген құрамда қаралады.
Жоғары деңгейдегі отырыстардың тұрақты тақырыбы – кедендік реттеу мәселелері, бұған ерекше назар аударылады. ЕАЭО ішкі нарығы шеңберінде елдердің міндеттемелерін орындау, кедергілер, бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзудың жолын кесу жөніндегі жыл сайынғы есептер талқыланады. Сондай-ақ мұнай мен газдың ортақ нарығын қалыптастыру туралы баяндамалар тыңдалады.
"Өткен жылы мемлекет басшылары отырысының қорытындысы бойынша жалпы мұнай нарығы қалыптасты", - деп атап өтті Қаныбекұлы.
Сондай-ақ күн тәртібінде көлік саясатын жетілдіру, өңірлердің логистикасы мен байланысын жақсарту, темір жол тасымалын цифрландыру мәселелері тұр.
Спикер атап өткендей, Қырғызстан үшін аса маңызды мамандықтарға қойылатын біліктілік талаптарын жақындастыру шараларын қарастыру жоспарлануда.
ЕАЭО дамуының стратегиялық бағыттарын іске асыру тағы бір тақырып болмақ. Биылғы жыл бес жылдық циклды аяқтайды, оның аясында 300-ден астам іс-шара жоспарланған, олардың көпшілігі орындалды немесе жүзеге асырылуда. Ал бір бөлігі 2026-2030 жылдарға арналған стратегиялық құжатқа көшіріледі.
Сонымен қатар елдердің ұлттық шаралары одақ ішінде кедергілер тудырмауы үшін климаттық күн тәртібін реттеу тәсілдері талқыланады. Медициналық бұйымдар мен дәрілік заттардың ортақ нарығын қалыптастыру, олардың қауіпсіздігіне, тиімділігі мен сапасына қойылатын міндетті талаптардың бірыңғай қағидаттарын белгілеу маңызды тақырыптардың бірі болады.
Қаныбекұлы қазір өтпелі кезең жұмыс істеп тұрғанын айтты: тауарларды тіркеу ұлттық ережелер бойынша 2026 жылға дейін жүргізілуі мүмкін, содан кейін ол тек ЕАЭО бірыңғай нормалары бойынша іске асады.
Жаңалықтар
0