https://sputnik.kz/20250813/qarzhy-ministrligi-shekaradagy-otkizu-punktteri-zhangyrtylatynyn-malimdedi-56326768.html
Қаржы министрлігі шекарадағы өткізу пункттері жаңғыртылатынын мәлімдеді
Қаржы министрлігі шекарадағы өткізу пункттері жаңғыртылатынын мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
Бұл бастама салық және кеден органдарының тиімділігін арттыруға, елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған 13.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-13T11:35+0500
2025-08-13T11:35+0500
2025-08-13T11:35+0500
шекара бекеті
шекаралас аудандар
шекара
https://sputnik.kz/img/07e9/05/13/53656548_50:64:1015:607_1920x0_80_0_0_5a814538e1ea0d8ebd8264e1a91a0c8f.jpg
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Жандос Дүйсембиев Қазақстан - Қытай шекарасындағы "Қалжат" және "Нұр Жолы" өткізу пункттерін тексерді.Олар бекеттердің жұмысын талдап, мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалады және тиімділікке әсер ететін факторларды анықтады. Цифрландыру және техникалық мүмкіндіктерді одан әрі кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Жетісу облысындағы "Нұр Жолы" өткізу пункті — Қазақстан мен ҚХР арасындағы тұрақты сауданы қамтамасыз ететін еліміздегі ең ірі пункттердің бірі.Алматы облысындағы "Қалжат" бекеті экспорттық-импорттық операциялар мен транзитті ресімдеуде маңызды рөл атқарады, сондай-ақ өңірдің көліктік-логистикалық инфрақұрылымының негізгі элементі.Бұған дейін мониторингтік топ Маңғыстау облысындағы "Тәжен" және "Темір Баба" өткізу пункттерін тексерді.Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығы мердігер ұйымдарға тартылған қызметкерлер мен техниканың санын көбейтуді тапсырды."Бірқатар кеден бекетінің басшылары сеніп тапсырылған бөлімшелерде бақылауды әлсіреткені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп атап өтті ведомство.Өткізу пункттерін жаңғырту – бұл салық және кеден органдарының тиімділігін арттыруға, іскерлік ахуалды жақсартуға және елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған жүйелі шара.Жоба Қытаймен, Өзбекстанмен және Түрікменстанмен шекарадағы тоғыз өткізу пунктін қамтиды.Бүгінгі таңда төрт заманауи нысан пайдалануға берілді, екеуі ҚХР шекарасында ("Қалжат", "Алакөл") және екеуі Өзбекстан Республикасымен шекарада ("Қапланбек", "Атамекен").Биыл жыл соңына дейін тағы бес өткізу пунктін іске қосу жоспарлануда: "Бақты", "Майқапшағай" (ҚХР), "Қазығұрт", "Тәжен" (РУз) және "Темір Баба" (Түрікменстан).
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/13/53656548_65:47:903:676_1920x0_80_0_0_e593e488ca7afe2bd4b7586a35d36c93.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шекара бекеті, шекаралас аудандар, шекара
шекара бекеті, шекаралас аудандар, шекара
Қаржы министрлігі шекарадағы өткізу пункттері жаңғыртылатынын мәлімдеді
Бұл бастама салық және кеден органдарының тиімділігін арттыруға, елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Жандос Дүйсембиев Қазақстан - Қытай шекарасындағы "Қалжат" және "Нұр Жолы" өткізу пункттерін тексерді.
Олар бекеттердің жұмысын талдап, мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалады және тиімділікке әсер ететін факторларды анықтады. Цифрландыру және техникалық мүмкіндіктерді одан әрі кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жетісу облысындағы "Нұр Жолы" өткізу пункті — Қазақстан мен ҚХР арасындағы тұрақты сауданы қамтамасыз ететін еліміздегі ең ірі пункттердің бірі.
Алматы облысындағы "Қалжат" бекеті экспорттық-импорттық операциялар мен транзитті ресімдеуде маңызды рөл атқарады, сондай-ақ өңірдің көліктік-логистикалық инфрақұрылымының негізгі элементі.
Бұған дейін мониторингтік топ Маңғыстау облысындағы "Тәжен" және "Темір Баба" өткізу пункттерін тексерді.
"Көшпелі кеңестердің қорытындысы бойынша кеден бекеттерінің басшыларына құрылыс жұмыстарын жеделдету және қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді", - деп мәлімдеді Қаржы министрлігі.
Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығы мердігер ұйымдарға тартылған қызметкерлер мен техниканың санын көбейтуді тапсырды.
"Бірқатар кеден бекетінің басшылары сеніп тапсырылған бөлімшелерде бақылауды әлсіреткені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп атап өтті ведомство.
Өткізу пункттерін жаңғырту – бұл салық және кеден органдарының тиімділігін арттыруға, іскерлік ахуалды жақсартуға және елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған жүйелі шара.
Жоба Қытаймен, Өзбекстанмен және Түрікменстанмен шекарадағы тоғыз өткізу пунктін қамтиды.
Бүгінгі таңда төрт заманауи нысан пайдалануға берілді, екеуі ҚХР шекарасында ("Қалжат", "Алакөл") және екеуі Өзбекстан Республикасымен шекарада ("Қапланбек", "Атамекен").
Биыл жыл соңына дейін тағы бес өткізу пунктін іске қосу жоспарлануда: "Бақты", "Майқапшағай" (ҚХР), "Қазығұрт", "Тәжен" (РУз) және "Темір Баба" (Түрікменстан).