Мемлекеттік наградтау ережесіне өзгерістер енгізілді

© Sputnik / Болат ШайхиновГосударственные награды
Государственные награды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2025
Жазылу
Мемлекеттік наградалардың көшірмелерін дайындау кезінде қымбат бағалы металдар қолданылмайды
АСТАНА, 13 тамыз - Sputnik. Қазақстанда мемлекеттік наградаларға ұсыну ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігі.
Бұдан былай мемлекеттік наградаға ұсынылған кандидаттарды қарау ашық, объективті және әділ болады. Жаңа ережеде құжаттарды ресімдеу және кандидаттардың еңбегін бағалау критерийлеріне қатысты негізгі ережелер нақтыланды.
"Наградтау қағазын ресімдеуге қойылатын талаптар толықтырылды. Онда міндетті түрде еңбек жолы, ел мен халық алдындағы нақты еңбектері, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер олардың жасалған уақытына қарамастан көрсетілетін болады. Жекелеген жағдайларда ішкі істер органдарынан мінездеме талап етіледі", - дейді ведомстводағылар.
Сондай-ақ көпбалалы аналарды наградтауға қойылатын талаптар ретке келтірілді.
"Көпбалалы ана Қазақстан Республикасының азаматы болғанда ғана награда беріледі. Наградтау қағазын ресімдеу кезінде көпбалалы ананың өзге мемлекет азаматы болып табылатын балалары паспорттарының куәландырылған көшірмелері және фотосуреттері қоса берілуі керек", - деді министрлік.
Айта кету керек, мемлекеттік наградалардың көшірмелерін дайындау кезінде қымбат бағалы металдар қолданылмайды.
"Мемлекеттік наградаларға құқықты қалпына келтіру мүмкіндігі уәкілетті органдардың өтініші бойынша, сот актілерін қоса алғанда, растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда жүзеге асады", - деді мәдениет және ақпарат министрлігі.
Бұл өзгерістер наградтауға ұсыну ресімін ретке келтіріп, мемлекеттік наградалар институтына деген сенімді арттырады, дейді ведомство өкілдері.
Визасыз 90 күн: Түркия азаматтарының Қазақстанда болу ережелеріне өзгеріс енгізілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2025
Визасыз 90 күн: Түркия азаматтарының Қазақстанда болу ережеcіне өзгеріс енгізілді
Жаңалықтар
0