Ақтауда әйелді екі баласымен бірге көлік қағып кетті

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуМягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото
Мягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2025
Жазылу
2 жастағы баланың жағдайы ауыр, жамбас сүйегі сынған
АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. Ақтауда жаяу жүргіншілер жолында әйелді екі баласымен көлік қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Екі баласын жетектеп жолдан өтіп бара жатқан әйелді Hyundai Elantra көлігі қағып кетті. Оқиға 10 тамыз кешкі сағат 21:00 шамасында болған.
"Дәрігерлер тексергеннен кейін анасы үйіне жіберілді, ал балалар ауруханаға жатқызылды. 7 жастағы баланың жағдайы орташа ауыр, миы шайқалған. Ал 2 жастағы науқастың жағдайы ауыр, жамбас сүйегі сынған", - дейді Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасы.
Hyundai Elantra көлігі айып тұрағына қойылды
"Жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 610 — бабы "Денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу" бойынша іс қозғалды", - дейді Маңғыстау облыстық полиция департаменті.
Тергеу жалғасып жатыр.
На претензии жителей о перекрытии улиц и серьезных пробках ответили в акимате Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2025
Алматыда аялдамада тұрған жолаушыны көлік қағып кетті
Жаңалықтар
0