Жыл басынан бері жұмыскерлерге 1 млрд теңгеден астам еңбекақы төленбеген

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне, карты, монеты тенге
Портмоне, карты, монеты тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2025
Жазылу
Кәсіпорын басшыларына 277 млн теңге айыппұл салынды
АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 28,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жеті айда 239 кәсіпорын 3,5 мыңнан астам жұмыскерге 1,3 млрд теңге жалақыны уақытында төлемеген. Сондай-ақ еңбек құқығы 4 мыңнан астам мәрте бұзылғаны анықталды.
"Жалақысын төлемей, еңбек құқығын бұзған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 2 287 ұйғарым берілді және 277 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды", - дейді ведомство.
Еңбек инспекторлары 3,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғап, оларға 1,1 млрд теңге жалақы төленді.
Жалпы 1 тамызға дейін мемлекеттік еңбек инспекторлары 3 514 тексеру жүргізді, оның барысында 4 132 заң бұзушылық анықталды, оның ішінде:
еңбек саласында – 3 465;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 648;
халықты жұмыспен қамту бойынша – 19.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 25 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
Тенге, деньги, купюры, банкноты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2025
Ақмола облысында 300-ге жуық мұғалім жалақысын уақтылы ала алмаған
Жаңалықтар
0