https://sputnik.kz/20250812/zhogalgan-tikushaqta-bolgan-ushinshi-adamnyn-mayiti-tabyldy-56313652.html
Жоғалған тікұшақта болған үшінші адамның мәйіті табылды
Жоғалған тікұшақта болған үшінші адамның мәйіті табылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Алматы облысында жоғалған тікұшақта болған үшінші адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі. 12.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-12T11:30+0500
2025-08-12T11:30+0500
2025-08-12T11:31+0500
тікұшақ
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1e/56029314_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_27cab5f4c1b61505203b2f8b42cbe863.jpg
АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Алматы облысында жоғалған тікұшақта болған үшінші адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.12 тамызда су астындағы іздеу жұмыстары барысында экипаждың үшінші мүшесі Аман Амангелдінің денесі табылды.Еске сала кетейік, 10 тамызда экипаж командирі майор Нұржігіт Үйсінбаевтың денесі табылған болатын. Ал 11 тамыз күні іздеу топтары капитан Бақтияр Ержігітовтің денесін судан шығарды.Қаза тапқан ұшқыштардың үшеуі де әуе қорғанысы күштері әскери институтының түлегі.Апаттың себептерін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштер басшылығы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына барлық қажетті көмекті көрсетеді.Айта кетейік, 25 шілдеде Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалып кетті. Үш экипаж мүшесі болған тікұшақты іздеу жұмыстары күні бүгінге дейін жалғасты.
https://sputnik.kz/20250810/tikushaq-apaty-sorbulaq-kolinen-ekinshi-adamnyn-mayiti-shygaryldy-56276540.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1e/56029314_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_431c46de95900b2c28a4c7a6ad9c32e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тікұшақ, алматы облысы
Жоғалған тікұшақта болған үшінші адамның мәйіті табылды
11:30 12.08.2025 (жаңартылды: 11:31 12.08.2025) АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Алматы облысында жоғалған тікұшақта болған үшінші адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.
12 тамызда су астындағы іздеу жұмыстары барысында экипаждың үшінші мүшесі Аман Амангелдінің денесі табылды.
"Ол - тәжірибелі ұшқыш, күрделі метеорологиялық жағдайларда бірнеше мәрте ұшып жаттыққан. Түрлі ауқымдағы жаттығулар мен операцияларға қатысқан. Жоғары орындаушылық тәртібімен және мінсіз қызметтік беделімен ерекшеленген. EC-145 тікұшағындағы ұшу уақыты – 295 сағат", - деп жазды ведомство.
Еске сала кетейік, 10 тамызда экипаж командирі майор Нұржігіт Үйсінбаевтың денесі табылған болатын. Ал 11 тамыз күні іздеу топтары капитан Бақтияр Ержігітовтің денесін судан шығарды.
Қаза тапқан ұшқыштардың үшеуі де әуе қорғанысы күштері әскери институтының түлегі.
"Акваторияны және оған іргелес аумақты зерттеу бойынша іздестіру шаралары жалғаса бермек. Осыған сәйкес тікұшақ бөліктерін анықтау және жағаға шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді министрлік.
Апаттың себептерін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштер басшылығы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына барлық қажетті көмекті көрсетеді.
Айта кетейік, 25 шілдеде Алматы облысында
әскери тікұшақ жоғалып кетті. Үш экипаж мүшесі болған тікұшақты іздеу жұмыстары күні бүгінге дейін жалғасты.