Түркия мен Қазақстан теңізге қатысты келісімге қол қояды

© Sputnik / Ксения ВоронинаКаспий теңізі
Каспий теңізі - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2025
Жазылу
Порттар мен кемелерді салу және жаңғырту, мультимодальдық тасымалдауды дамыту бойынша ынтымақтастық күтіліп отыр
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Қазақстан мен Түркия теңіз келісіміне қол қоюға дайындалып жатыр.
Қазақстанның көлік министрлігі құжаттың жобасын дайындады.
Келісім мақсаты - теңіз саласындағы өзара іс-қимылды нығайту, кеме қатынасының қауіпсіздігін арттыру, теңізшілердің дипломдарын өзара тану, порт және кеме жасау саласын дамыту.
Оның ішінде порттар мен кемелерді салу және жаңғырту, мультимодальдық тасымалдауды дамыту бойынша ынтымақтастық көзделіп отыр.
Келісім порттағы қолжетімділік пен кеме жасаудан бастап кадрлар даярлау мен экологиялық қауіпсіздікке дейінгі мәселелерді кеңінен қамтиды, деп хабарлады министрліктегілер.
Архивное фото мяса на прилавке - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2025
Қазақстан мен Ирак ет экспортына қатысты келісім жасады
Жаңалықтар
0